Дерекқор

12 сәуір - ғарышкерлер күні: Ғарышты бағындырғандар туралы не білеміз?

2019 жылдың 12 сәуірінде адам баласының ғарышқа ұшқанына 58 жыл толады
Sputnik

Бұл мереке - ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана аталып өтіп жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданды.  

Ғарышкер Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды
2011 жылдан бастап бұл күн халықаралық адамның алғаш ғарышқа ұшқан күні (International Day of Human Space Flight) деп аталып жүр. Осы жылдың 7 сәуірінде БҰҰ бас ассамблеясының арнайы пленарлық отырысында Ресейдің бастамасымен адам баласының ғарышты игере бастауына 50 жыл толуына орай №A/RES/65/271 ресми резолюциясы қабылданды. Бұл резолюцияны 60-тан астам мемлекет құрастырды.

1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес одағының аға лейтенанты Юрий Гагарин "Восток" кемесімен алғаш рет Жер орбитасын айналып ұшты. Небәрі 108 минутқа созылған сапар ғарышты игеруде үлкен қадам болды. Юрий Гагариннің есімі әлемге әйгілі болып, өзі шұғыл майор және Кеңес одағының қаһарманы атағын алды.

Тағы оқыңыз: Шопыр болған қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы не білеміз

Ғарышқа адам жібермес бұрын ол жаққа төрт аяқтылар жіберілгені белгілі. 1960 жылдың тамыз айында бортында Белка және Стрелка иттері отырған "Восток" кеңес кемесі ғарышқа бір тәулік бойы ұшып, Жерге қайта оралды.

12 сәуір - ғарышкерлер күні: Ғарышты бағындырғандар туралы не білеміз?

Ғарышқа халықаралық сапар қашан жүзеге асты

"Қолдан келгеннің бәрін жасады": Ғарышкер апаттан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты
Адамзат тарихындағы ғарышқа алғашқы халықаралық сапар 1975 жылдың 15 шілдесінде жүзеге асты. Бұл сапар "Союз-19" және америкалық "Аполлон" кемелерінің көмегімен орындалды. 

ХХІ ғасырға қадам басқалы ғарыш техникалары адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетіп, Жердің айналасын мыңдаған спутник шарлап жүр. Сондай-ақ ғарыш аппараттары Айға қонып, сол жақтан грунт үлгілерін әкелуде. Бұдан өзге Марс пен Венераға да автомат зондтар қонып, бірнеше ғарыш аппараты Күн жүйесінен тыс жерлерді шарлауда.

Сол себепті БҰҰ Бас ассамблеясы бұл мерекені насихаттау арқылы адамзаттың өзге кеңістікті зерттеуде ортақ қызығушылықтары мен мақсаттары бар екеніне тереңінен тоқталды.

Тағы оқыңыз: Ресейлік ғарышкерлер ғарыштан Қазақстанға құттықтау айтты

Бұдан өзге Нилл Армстронг, Базз Олдрин, Чарльз Конрад, Алан Бин, Алан Шепард, Эдгар Митчелл, Дэвид Скотт, Джеймс Ирвин, Джон Янг, Чарльз Дьюк, Юджин Сернан және Харрисон Шмит сынды ғарышкерлер ғарышты бағындырды. 

12 сәуір - ғарышкерлер күні: Ғарышты бағындырғандар туралы не білеміз?

Қазақстаннан кімдер ғарышқа ұшты

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келді. Ол - КСРО-ның соңғы және қазақ ұлтының алғашқы ғарышкері.

Ғарышкер болуға лайықсыз ба?
1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әубәкіров нөмірі бірінші ғарышкер ғана емес, ол алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және қазақша етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген-ді.

Ол 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа старт кезіндегі экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге "Союз ТМ-13" кемесімен ұшты. Бір апта бойы "Мир" орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді. Осы күнге дейін Әубәкіров "Ғарышты игерген еңбегі үшін", "Алтын жұлдыз", "Күлтегін" медалімен, Ленин және Отан орденімен, "Құрмет", "Алтын крест" сынды белгілермен марапатталған.

12 сәуір - ғарышкерлер күні: Ғарышты бағындырғандар туралы не білеміз?

Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына не үшін енді?

Қазақтан шыққан екінші ғарышкер 1951 жылы 7 қаңтарда Қарғалыда дүниеге келген. Ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген: осы күнге дейін ол секілді ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген.

Тағы оқыңыз: Байқоңырда "Союз" кемесі ұшып бара жатқанда апат болды

Бірінші сапар. 1994 жылы 1 шілде мен 4 қараша аралығында "Союз ТМ-19" және ЭО-16 кемесінің бортинженері ретінде ұшып, ғарышта 125 күн 22 сағат 53 минут және 36 секунд жүрді.

Екінші сапар. 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз күндері "Союз ТМ-27" мен ЭО-25 кемелерінің командирі ретінде ұшып, сол жақта 207 күн 12 сағат 51 минут 2 секунд болды.

Қазақтың ғарышкер қаһармандары
Үшінші сапар. 2001 жылы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында "Союз ТМ-32" және "Союз ТМ-31" экспедиция жүргізуге бағытталған кемелердің командирі ретінде ұшты. Ғарышкердің бұл сапары 7 күн 22 сағат 4 минут 3 секундқа созылды.

Мұсабаев Қазақстанның ғана емес, Ресей Федерациясының да халық қаһарманы. Екінші дәрежелі "Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін", үшінші дәрежелі "Отан", "Барыс", "Достық" ордендерімен, "Ғарышты игерген еңбегі үшін", "Ғарышқа ұшқаны үшін", Алексей Леонов атындағы және "Астана" медалімен марапатталған.

12 сәуір - ғарышкерлер күні: Ғарышты бағындырғандар туралы не білеміз?

Ғарышқа тағы кім үш рет ұшты?

Юрий Лончаков 1965 жылы 4 наурызда Балқашта дүниеге келген. Ғарышқа үш рет ұшып, сол жақта 200 күн 18 сағат 36 минут болды.

2001 жылы 19 сәуір мен 1 мамыр аралығында халықаралық ғарыш станциясын құру бағдарламасы бойынша STS-100 Индевор шаттлының маманы ретінде ұшты. Сапар 11 тәулік 21 сағат 31 минут 14 секундқа созылды.

Тағы оқыңыз: БАӘ Байқоңырды дамытуға инвестиция құюы мүмкін

2002 жылы 30 қазан мен 10 қараша аралығында Сергей Залетин және Франк Де Виннемен бірге бортинженер ретінде ұшқан болатын. "Союз ТМА-1" кемесімен ұшып, "Союз ТМ-34" кемесімен қонды. Ұшу уақыты 10 тәулік 20 сағат 53 минут 09 секундке созылды.

2008 жылы 12 қазанда сағат 07:01:33 кезінде "Союз ТМА-13" кемесінің командирі және Майкл Финк пен Ричард Гэрриотпен бірге 18-ші халықаралық ғарыш станциясына негізгі экспедициясының бортинженері ретінде ұшты.

Назарбаев: Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады
2008 жылдың 14 қазанынан 2009 жылдың 8 сәуіріне дейін ғарышкерлер еуропалық EXPOSE-R эксперименті үшін ғылыми аппаратты жөндеп, "Импульс" эксперименті үшін модульге "Звезда" ғылыми аппаратын орналастырды. Ғарышқа сапар 178 тәулік 0 сағат 14 минут 27 секундқа созылды.

Қазіргі сәтте Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығының басшысы.

Ресей Федерациясының "Алтын жұлдыз", бірінші дәрежелі "Әскери қызметте үздік болғаны үшін", "Ғарышты игерген еңбегі үшін" медалімен, төртінші дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін" орденімен және NASA-ның ғарышқа ұшқаны үшін медалімен марапатталды.

12 сәуір - ғарышкерлер күні: Ғарышты бағындырғандар туралы не білеміз?

Айдын Айымбетов - ғарышқа ұшқан бірінші ҚР азаматы

Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ғарышқа ұшқан бірінші Қазақстан Республикасының азаматы.

Тағы оқыңыз: Жерге ірі астероид жақындап келеді

2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында "Союз ТМА-18М" және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған "Союз ТМА-18М" кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты.

Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтасатын болды
Халықаралық ғарыш станциясына барған ЭП-18 экспедиция мүшесі. Жерге "Союз ТМА-16М" кемесінде оралды. Ұшу уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылды.

Ғарышкерлер отрядына қосылу үшін бірінші өтінішті 1993 жылы берді. Екінші рет 2001 жылы 5 мамырда берді. 2002 жылдың жаз айында ресей-қазақстан келісімімен ғарышкерлер әзірлеу үшін құрылған Мәскеуде арнайы медициналық тексерістен өтті. Осылайша ғарыш әлеміне деген дайындықтан сәтті өтіп, сапарын ойдағыдай орындады. 

Бүгінгі таңда ғарыш саласы Қазақстанда қарқынды түрде дамып, жас ғалымдар өзге кеңестікті зерттеуге арналған түрлі жобасын таныстыруда.