Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қазақтың ғарышкер қаһармандары

Жазылу
Ғарыштың түпсіз терең сырлары қашанда адамзат баласын еліктіреді. Ал осы құпия сырлардың бәрін ашу мүмкін бе? Қайдам... Дегенмен халқымыздың аспандағы жұлдыздарға деген құмарлығы ешқашан толастамайды деп сенеміз.Ғарышкерлер күні Sputnik Қазақстан агенттігі тарихқа шолу жасап, қазақстандықтардың аспан әлеміне жасаған саяхатын назарларыңызға ұсынады.

Бұл жандардың бағы жанып, жұлдыздарға жақындай түсті, ал олардың есімдерін әрбір қазақстандық жатқа біледі. Ғарышкер-қаһармандар Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов суреттерде әскери тәртіпке сай салмақты көрінгенімен, келбеттерінен жастық жалын да байқалады. Оларды алда ғарыштық асулар күтіп тұр…

© Sputnik / Александр Моклецов / Медиабанкке өтуАлғашқы қазақ ғарышкерін ұшыру туралы келісім 1990 жылы жасалған еді, ал 1991 жылы қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанатын болды. Суретте: бірлескен кеңестік-австриялық экипаж мүшелері (солдан оңға қарай): австриялық ғарышкер зерттеуші Франц Фибер, экипаж командирі, КСРО ұшқыш-ғарышкері Александр Волков, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, 1991 жыл
Франц Фибер, Александр Волков, Тоқтар Әубәкіров - Sputnik Қазақстан
1/13
Алғашқы қазақ ғарышкерін ұшыру туралы келісім 1990 жылы жасалған еді, ал 1991 жылы қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанатын болды. Суретте: бірлескен кеңестік-австриялық экипаж мүшелері (солдан оңға қарай): австриялық ғарышкер зерттеуші Франц Фибер, экипаж командирі, КСРО ұшқыш-ғарышкері Александр Волков, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, 1991 жыл
© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуҰшқыш-сынаушы Тоқтар Әубәкіров 50-ден астам ұшақ түрлерін меңгеріп, "Тбилиси" крейсерінің палубасынан МиГ-29 жойғышын ұшырып, қайта қондырған алғашқы КСРО азаматы болды. Кейінірек оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Тоқтар Әубәкіров - Sputnik Қазақстан
2/13
Ұшқыш-сынаушы Тоқтар Әубәкіров 50-ден астам ұшақ түрлерін меңгеріп, "Тбилиси" крейсерінің палубасынан МиГ-29 жойғышын ұшырып, қайта қондырған алғашқы КСРО азаматы болды. Кейінірек оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуҒарышқа сапар Әубәкіров үшін жаңа сынақ болды, ғарышта болған уақыт ұзақтығы – жеті күн 22 сағат 13 минут. Суретте: "Союз ТМ-13" ғарыш кемесін ұшырар алдында, Байқоңыр ғарыш айлағы, 1991 жыл
Франц Фибер, Александр Волков, Тоқтар Әубәкіров - Sputnik Қазақстан
3/13
Ғарышқа сапар Әубәкіров үшін жаңа сынақ болды, ғарышта болған уақыт ұзақтығы – жеті күн 22 сағат 13 минут. Суретте: "Союз ТМ-13" ғарыш кемесін ұшырар алдында, Байқоңыр ғарыш айлағы, 1991 жыл
© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуТоқтар Әубәкіровтің дублері Талғат Мұсабаев болды, ол да бірнеше жылдан соң алғаш рет ғарышқа сапарға аттанды. Суретте: ғарышкерлер әріптестеріне ақ жол тілеп, шығарып салуда, 1991 жыл 2 қазан
Ғарышқа сапар - Sputnik Қазақстан
4/13
Тоқтар Әубәкіровтің дублері Талғат Мұсабаев болды, ол да бірнеше жылдан соң алғаш рет ғарышқа сапарға аттанды. Суретте: ғарышкерлер әріптестеріне ақ жол тілеп, шығарып салуда, 1991 жыл 2 қазан
© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрияның федералдық канцлері Франц Враницкий Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМ-13" ғарыш кемесін шығарып салуда, 1991 жыл
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрияның федералдық канцлері Франц Враницкий Байқоңыр ғарыш айлағында Союз ТМ-13 ғарыш кемесін шығарып салуда, 1991 жыл - Sputnik Қазақстан
5/13
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрияның федералдық канцлері Франц Враницкий Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМ-13" ғарыш кемесін шығарып салуда, 1991 жыл
© Sputnik / Олег Урусов / Медиабанкке өтуБайқоңыр ғарыш айлағындағы атақты "Гагарин старты"
Байқоңыр ғарыш айлағындағы атақты Гагарин старты - Sputnik Қазақстан
6/13
Байқоңыр ғарыш айлағындағы атақты "Гагарин старты"
© Sputnik / Медиабанкке өту"Союз ТМ-19" ғарыш кемесі экипажын қонақ үйден "Байқоңыр" ғарыш айлағына шығарып салу. Суретте: бортинженер Талғат Мұсабаев пен командир Юрий Маленченко, 1 шілде 1994 жыл. Орбитадан қайта оралғаннан соң екеуіне де "Халық қаһарманы" атағы берілді.
Союз ТМ-19 ғарыш кемесі экипажын қонақ үйден Байқоңыр ғарыш айлағына шығарып салу. - Sputnik Қазақстан
7/13
"Союз ТМ-19" ғарыш кемесі экипажын қонақ үйден "Байқоңыр" ғарыш айлағына шығарып салу. Суретте: бортинженер Талғат Мұсабаев пен командир Юрий Маленченко, 1 шілде 1994 жыл. Орбитадан қайта оралғаннан соң екеуіне де "Халық қаһарманы" атағы берілді.
© Sputnik / Медиабанкке өтуМұсабаевтың алғашқы ғарыш сапарының ұзақтығы 125 күн 22 сағат 53 минут болды. Суретте: Ульф Мербольд, Юрий Маленченко,Талғат Мұсабаев.
Ульф Мербольд, Юрий Маленченко,Талғат Мұсабаев. - Sputnik Қазақстан
8/13
Мұсабаевтың алғашқы ғарыш сапарының ұзақтығы 125 күн 22 сағат 53 минут болды. Суретте: Ульф Мербольд, Юрий Маленченко,Талғат Мұсабаев.
© Sputnik / Медиабанкке өтуКиіз үй маңына ақ дастархан жайып ғарышкерлерді шығарып салды. Суретте: ғарышкерлер Александр Викторенко, Елена Кондакова және "Союз ТМ-19" ғарыш кемесі экипажы: Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев, 1 шілде 1994 жыл.
ғарышкерлер Александр Викторенко, Елена Кондакова және Союз ТМ-19 ғарыш кемесі экипажы: Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев - Sputnik Қазақстан
9/13
Киіз үй маңына ақ дастархан жайып ғарышкерлерді шығарып салды. Суретте: ғарышкерлер Александр Викторенко, Елена Кондакова және "Союз ТМ-19" ғарыш кемесі экипажы: Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев, 1 шілде 1994 жыл.
© Sputnik / Медиабанкке өтуЕкінші және үшінші ғарыш сапарына Талғат Мұсабаев командир ретінше аттанды. Суретте: "Союз ТМ-19" ғарыш кемесін ұшыру, 1994 жыл.
Екінші және үшінші ғарыш сапарына Талғат Мұсабаев командир ретінше аттанды. Суретте: Союз ТМ-19 ғарыш кемесін ұшыру, 1994 жыл. - Sputnik Қазақстан
10/13
Екінші және үшінші ғарыш сапарына Талғат Мұсабаев командир ретінше аттанды. Суретте: "Союз ТМ-19" ғарыш кемесін ұшыру, 1994 жыл.
© Sputnik / Медиабанкке өтуМұсабаев кейінірек еске алғандай, алғаш рет ғарышқа ұшуы мәңгі есте қаларлықтай болған. Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлерді қарсы алып, құттықтауда, 1994 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлерді қарсы алды - Sputnik Қазақстан
11/13
Мұсабаев кейінірек еске алғандай, алғаш рет ғарышқа ұшуы мәңгі есте қаларлықтай болған. Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлерді қарсы алып, құттықтауда, 1994 жыл.
© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуҮшінші қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа ұшуға 2001 жылдан бері дайындалды, 2008 жылы ғана оның кандидатурасы бекітілді. Алайда қаржыландыру проблемасына байланысты сапар кейінге қалдырылған. Дегенмен қанша жылғы еңбек пен дайындық текке кетпей, 2015 жылы аспан әлеміне саяхат басталып кетті. Суретте ғарышкер Айдын Айымбетов ғарыш кемесін тексеруде, 2015 жыл.
ғарышкер Айдын Айымбетов ғарыш кемесін тексеруде - Sputnik Қазақстан
12/13
Үшінші қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа ұшуға 2001 жылдан бері дайындалды, 2008 жылы ғана оның кандидатурасы бекітілді. Алайда қаржыландыру проблемасына байланысты сапар кейінге қалдырылған. Дегенмен қанша жылғы еңбек пен дайындық текке кетпей, 2015 жылы аспан әлеміне саяхат басталып кетті. Суретте ғарышкер Айдын Айымбетов ғарыш кемесін тексеруде, 2015 жыл.
© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуАйдын Айымбетовтың орбитадағы тәжірибелерінің бірі - "Дастархан-6". Ғарышкер әріптестеріне құрт, тіпті бие сүтін берген. Дәрумендерге бай тағамдар ғарышкерлердің көңілінен шығыпты.
Айдын Айымбетов - Sputnik Қазақстан
13/13
Айдын Айымбетовтың орбитадағы тәжірибелерінің бірі - "Дастархан-6". Ғарышкер әріптестеріне құрт, тіпті бие сүтін берген. Дәрумендерге бай тағамдар ғарышкерлердің көңілінен шығыпты.
Жаңалықтар
0