Қоғам

Назарбаев: Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚазақстан президенті "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді
Қазақстан президенті  Өңірлердің Астанаға тартуы жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ғарыш өнеркәсібі жаңа технологиялық деңгейге көтерілді, деп мәлімдеді мемлекет басшысы

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы экспозиция аумағында Қызылорда облысының жұртшылық өкілдерімен әңгімелесті.

Назарбаев жаңадан ашылған балабақшаны аралап көрді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев жаңадан ашылған балабақшаны аралап көрді

Елбасыға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды.

Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа технологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.

"Менің тапсырмам бойынша француз тарапымен бірлесіп, жасанды жер серігін құрастыратын зауытты іске қостық. Жуырда өзіміздің жер серіктерімізді құрастыруға кірісеміз. Бізде зымыран ұшыратын құрылғы бар,  2022 жылға қарай "Зенит" зымыраны дайын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібіміз жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Музей "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан. Астананың 20 жылдығына сыйға тартылған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясында "Союз", "Протон", "Зенит" зымыран тасығыштарының, сондай-ақ "Боран" орбита кемесінің үлгілері қойылған.


Жаңалықтар
0