АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Роскосмос ғарышкер-сынақшысы Сергей Рязанский Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды. ХҒС бортынан түсірілген суретті ғарышкер твиттердегі парақшасында жариялады.
"Менен көбі Арал теңізін суретке түсіріп алуымды өтінді. Жақында оңтайлы сәт туып, теңізді, дәлірек айтсам, одан қалғанын суретке түсіріп алдым… Арал теңізі тартылмай тұрғанда ауданы жағынан әлемде төртінші орында болатын», — деп жазды суреттің астына ғарышкер-сынақшы.
Айта кетсек, Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.
Многие меня просили сфотографировать #Аральское море. На днях как раз оно попалось мне в объектив, точнее то, что от него осталось… А ведь до начала обмеления Аральское море было четвёртым по величине озером в мире! pic.twitter.com/fPiFcMSR2Z
— Сергей Рязанский (@SergeyISS) 9 ноября 2017 г.