Қазақстандықтар ғарыштан түсірілген суреттерді сатып ала бастады

© NASAҒарыш
Ғарыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жерді қашықтықтан зондтайтын қазақстандық екі серігі ғарыштағы суреттерді түсіреді

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Бірнеше жеке адамдар "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ ғарыштан түсірілген суреттерді сатып алу туралы өтініш жасаған. 

"Әрине, ең алдымен біз мемлекеттік органдардың сұранысын қанағаттандырамыз. Бұл Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және Инвестиция министрліктері. Біз оларға бұл суреттерді қалай қолдану керек екенін де көрсетеміз. Егер коммерциялық сипатта қарастырар болсақ, бұл технология біз үшін жаңа. Алайда, коммерциялық ұйымдар да, тіпті кейбір жеке тұлғалар да ұсыныс тастап жатыр. Биылғы жылы екі-үш тапсырыс түсті.Мұндай суреттердің құны қымбат емес, 6-10 мың теңге", — деп мәлімдеді "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясының президенті Ерғазы Нұрғалиев.

Ұлттық компанияның басшысы шетелге сатылып жатқан суреттерден Қазақстан әзірге пайда көріп отырған жоқ, себебі көптеген елдер мұндай қызмет түрін қажет етпейтінін атап өтті.

"Шетелге біз 50-60 миллион теңге көлемінде қызмет көрсетеміз. Жылдың соңына дейін тағы да тапсырыстар түсуі мүмкін.  Бірақ, қазір орбитада сүрет жіберетін серіктер көп екенін де ескеру керек. Батыс Еуропа елдері біздің қызметімізді қажет етпейді. Сурет түсіретін жүз серігі бар елдер де бар, ал бізде олардың саны екеу", — деді Ерғазы Нұрғалиев.
Нұрғалиевтің берген мәлімет бойынша, 2017 жылы Қазақстан мемлекеттік органдарға 921 миллион тұратын суреттерді ұсынуды жоспарлап отыр.


Жаңалықтар
0