Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевКонституция Республики Казахстан
Конституция Республики Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанда парламенттік реформадан басталған өзгерістер конституциялық реформаға ұласты. Бүгінде Ата заңға енгізілетін түзетулер жайында емес, жаңа Конституция туралы айтыла бастады. Жалпыхалықтық референдумда халық қолдау білдірсе, негізгі құжаттың 84%-і жаңарады. Sputnik Қазақстан Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерді ұсынады.

Конституцияда неше бап қалады

Әуелі парламенттік реформа аясында Конституцияның 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Алайда жұмыс тобы сарапшылар мен халықтан түскен ұсыныстарды зерделей келе, қолға алынған өзгерістердің ауқымы кең екенін түсінді.
Биыл ұлттық құрылтайдан кейін 130 адамнан тұратын конституциялық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері демалысқа қарамай, апта сайын бірнеше отырыс өткізуге кірісті. Сөйтіп Конституцияның барлық бөліміне және 77 бабына, яғни жалпы мәтіннің 84%-ін жаңарту қажет деген шешімге келді.
31 қаңтарда комиссия жаңа Конституцияның жобасын жариялады.
Олжас Бектенов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бектенов жалған мәлімет таратқандарды жауапқа тартуды тапсырды
Конституцияның жаңа жобасында преамбула, 11 бөлім мен 95 бапты бекіту ұсынылып отыр. Ал қазіргі құжатта 9 бөлім мен 98 бап бар.

Преамбула қалай өзгерді

Жаңа преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленіп отыр. Мемлекеттілігіміздің негізі - ынтымақ пен бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім.
Егемендік пен Тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылып отыр. Ал әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі - Қазақстан халқы.
"Жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс", - дейді комиссия мүшелері.

Конституцияның басты ерекшелігі

Конституция жобасына алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізіліп отыр. Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалды.
Жаңа мәтіннің басты ерекшелігі сол, адам құқықтары мен бостандықтары преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған.
Фейк иллюстрациясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған ақпарат тарап жатыр
Бұдан бөлек, неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы деп көрсетілген. Оған қатысты бөлек ереже жазылған. Қыз алып қашу мен некеге мәжбүрлеуге қарсы норма да қарастырылған.

Халықтың мүддесін парламент қана қорғамайды

Конституцияның жаңа жобасында бір палаталы парламентке арналған бөлімдер бар. Бірақ халықтың мүддесін білдіру құқықы тағы бір жаңа органға беріледі. Ол – Қазақстанның Халық кеңесі. Кеңес мүшелері заң шығару бастамасын да көтере алады.
Жобаға енген маңызды өзгерістер:
бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайды құру;
вице-президент институтын енгізу;
Қазақстанның Халық Кеңесін құру;
адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бапты алғаш рет бекіту;
зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтарына кепілдік беруді күшейту (жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күшіне жол бермеу, құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартпау);
кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қарау міндеті;
"Миранда ережесін" бекіту.
Бұдан бөлек, жаңа жоба бойынша парламент Конституцияға өзгеріс енгізе алмайды. Ондай шешімдер тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады.
Президентке Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Тоқаев Конституциялық комиссияның жұмысына баға берді

Тағы қандай ұсыныстар бар?

Бүгінде комиссия мүшелері тағы бірнеше мәселені Конституция деңгейінде бекітуді ұсынып отыр. Мәселен, соғыс пен кез келген қарулы қақтығыстың үгіт-насихатына Ата заңмен тыйым салу қажет. Бұдан бөлек, теңгені "Қазақстанның ұлттық валютасы" деп нақты көрсету керек дейтіндер бар.
Ал президентке қатысты норма өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда, мемлекет басшысы бір рет 7 жылға ғана сайланады. Президенттің жақын туыстары саяси және басқарушы лауазымдарына тағайындалмайды.
Бүгінде Конституция жобасына қатысты ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы әлі де қабылданып жатыр. Конституциялық комиссия да өз жұмысын аяқтаған жоқ.
Конституция Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой-пікір түсті
Жаңалықтар
0