https://sputnik.kz/20260206/zhana-konstitutsiya-zhobasyna-qatysty-4-mynnan-astam-oy-pikir-tusti-60989459.html
Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой-пікір түсті
Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой-пікір түсті
Sputnik Қазақстан
Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтары редакцияланып жатқанын айтты 06.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-06T18:06+0500
2026-02-06T18:06+0500
2026-02-06T18:06+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777550_0:289:3127:2048_1920x0_80_0_0_c97d5f134d5b71cc9f09aec252bc3fa7.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан.Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.Кеңеске сондай-ақ Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Конституциялық комиссия мүшесі – президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты.
https://sputnik.kz/20260202/qazaqstannyn-zhana-konstitutsiyasy-bektenov-zhalgan-malimet-taratumen-kuresudi-tapsyrdy-60864784.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777550_396:0:3127:2048_1920x0_80_0_0_1dcd6da203019c3460ce04923d2e394e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы , қасым-жомарт тоқаев
қазақстанның жаңа конституциясы , қасым-жомарт тоқаев
Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой-пікір түсті
Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтары редакцияланып жатқанын айтты
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан.
"Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.
Кеңеске сондай-ақ Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Конституциялық комиссия мүшесі – президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты.