Жаңа Конституция жобасы: Бектенов жалған мәлімет таратқандарды жауапқа тартуды тапсырды

Олжас Бектенов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жазылу
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркеліп жатыр
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді.
Жиынға үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.
Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жиында жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркеліп жатыр. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды", - деп хабарлады үкімет.
Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Фейк иллюстрациясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған ақпарат тарап жатыр
Жаңалықтар
0