https://sputnik.kz/20260130/toqaev-konstitutsiyalyq-komissiyanyn-zhumysyna-baga-berdi-60816817.html
Тоқаев Конституциялық комиссияның жұмысына баға берді
Тоқаев Конституциялық комиссияның жұмысына баға берді
Sputnik Қазақстан
Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді 30.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-30T22:26+0500
2026-01-30T22:26+0500
2026-01-30T22:26+0500
президент
қазақстанның жаңа конституциясы
реформа
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1e/60816340_40:0:1240:675_1920x0_80_0_0_5d4370805cf09adb6f29157d3f085cba.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті.Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді.Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған. Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.Кездесу соңында президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да айтты.
https://sputnik.kz/20260130/quryltay-qazaqstannyn-parlamenttik-zhuyesinin-negizi-bolady-60813361.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/1e/60816340_190:0:1090:675_1920x0_80_0_0_f063cc1e02e33fc73aaabd56e09f8850.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстанның жаңа конституциясы , реформа
президент, қазақстанның жаңа конституциясы , реформа
Тоқаев Конституциялық комиссияның жұмысына баға берді
Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.
Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті.
Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді.
Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған. Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.
Кездесу соңында президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да айтты.