https://sputnik.kz/20260201/qazaqstanda-1-aqpannan-bastap-ne-ozgeredi-60814261.html
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді
Sputnik Қазақстан
1 ақпанда "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында мыңдаған баланың есепшотына ақша аударылады 01.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-01T09:00+0500
2026-02-01T09:00+0500
2026-02-01T09:00+0500
өзгерістер
ақпан
ұлттық қор
фонограмма
каникул
өрт қауіпсіздігі
салық
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898810_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_236112f533303b513c0541dd2fa44732.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақпан айында қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман қауымы бір ай бойы ораза ұстайды. Ал балалардың есепшотына ұлттық қордан ақша түседі. Бұдан бөлек, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ипотеканы өтеу тәртібі өзгереді. Әртістер фонограмма пайдаланудың жаңа тәртібін сақтауға міндеттелді. Sputnik Қазақстан ақпан айында болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.Рамазан басталады19 ақпанда барша мұсылмандар үшін он екі айдың сұлтаны - қасиетті Рамазан айы басталады. Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға ораза ұстау – парыз. Рамазан айы 19 наурызға дейін жалғасады.Айта кетері, Ораза айтта демалыс берілмейді. Биыл бұл діни мереке жұмаға түсіп тұр.Ұлттық қордан қанша ақша түседі1 ақпанда "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында мыңдаған баланың есепшотына ақша аударылады. Әрбір балаға шамамен 130 доллар түседі. Ал бағдарламаның басталғанына үш жыл болғанын ескерсек, есепшоттағы ақшаның көлемі 360 долларға (қазіргі курспен 181 мың теңгеге) жетеді.18 жасқа дейін ұлттық қордан аударылған қаржыға инвестициялық табыс та түседі. Себебі ол ақша жай жатқан жоқ. Оны доллармен ұстайды.Ал балалар кәмелет жасқа жеткеннен кейін бұл ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім беру ақысын төлеуге жұмсай алады. Алдағы уақытта жиналған ақшаны бір отбасының балалары арасында бір-біріне беруге рұқсат етілуі мүмкін. Ипотеканы өтеу тәртібі қалай өзгередіОтбасы банкі 2 наурызға дейін зейнетақы жинақтарының есебінен ипотеканы өтеуге өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Мамандар мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайтындағы жеке кабинетті жаңа талаптар бойынша өзгертеді.Бұдан былай зейнетақы қорынан аударылған ақшаға ипотеканың негізгі қарызын ғана жабуға болады. Ал проценттер мен айыппұлдар қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді.Жаңа талапқа сәйкес, проценттердің ақысы ағымдағы есепшоттан, ал негізгі қарыз арнайы шоттан алынады. Сондықтан ақшаны алдын ала салып қойған жөн.Мектеп пен балабақшаларда тексеріс басталадыОсы айдан бастап мектептер, балабақшалар, лагерьлер және басқа да ұйымдар бойынша бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Атап айтқанда, жоспарлы тексеріс жоғары, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне жатқызу нәтижелері бойынша тағайындалса, жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарланбастан жүргізіледі.Оған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз бола алады. Сосын заңнама талаптарын бұзудың нақты фактілері анықталған жағдайда жоспардан тыс тексеріс жіберіледі. Әскери кафедраға өтініштер онлайн беріледі1 ақпан мен 30 қыркүйек аралығында күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат студенттері әскери кафедраға өтінішті eGov.kz порталы арқылы онлайн форматта жібере алады. Бұрын студенттер құжаттарды тікелей жоғары оқу орындарында қағаз түрінде тапсыратын. Әскери кафедрада запастағы лейтенант немесе запастағы кіші сержант шендерін алуға болады.Өрт қауіпсіздігі талабы күшейтіледі1 ақпаннан бастап Қазақстанда объектіні қабылдау және пайдалануға бермес бұрын оның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу қажет.Бұл талап адамдар жаппай болатын нысандарға, сондай-ақ, биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге де қолданылады.Паспорт алу үшін - емтихан3-10 ақпан аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерге арналған емтиханға өтініш қабылдау басталады.Өтінішті ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.Фонограммаға қатысты талаптар күшіне енедіБұған дейін президент концерт кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойған болатын. Бұл құжат 60 күннен кейін, яғни, 4 ақпанда күшіне енеді.Заң талаптарына сәйкес, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген жерде фонограмма пайдалануға рұқсат беріледі. Ал техникалық тұрғыда толығымен жабдықталған залда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады.Фонограмма пайдаланғаны үшін айыппұлдың көлемі 4 млн теңгеге дейін артып отыр.Салық режимін таңдау қажетБиыл 1 наурызға дейін жеңілдетілген декларация режимінде қалғысы келетін жеке кәсіпкерлер салық органына міндетті түрде хабарлама тапсыруы керек. Ол хабарлама берілмесе, кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу режиміне ауыстырылады.Ал патентпен немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне өте алады. Бұл режимде жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ.Бұрын бөлшек салық немесе жеңілдетілген декларация қолданған кәсіпкерлер жеңілдетілген режимде жұмысын жалғастыра алады, бірақ жаңа талаптар бар: Олар:Жеңілдетілген режимде жұмысты жалғастыру үшін 28 ақпанға дейін режимді қолдану туралы хабарлама беру қажет.Ал шаруа және фермер қожалықтары жеке арнайы салық режиміне автоматты түрде ауысады.Қытай мен Италияға кіру қиындайды16-18 ақпан күндері Қытайда көктемді мерекесі аталып өтеді. Осыған байланысты шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жабылады. Бірақ екі ел арасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей береді.Ал Италия елшілігі 12-18 ақпан күндері жоспардан тыс техникалық жұмыстарға байланысты визаға берілген өтініштерді өңдеу жүйесі жұмыс істемейтінін хабарлаған болатын. Осыған байланысты Астатанда өтініштерді қабылдаудың соңғы күні 11 ақпанға белгіленіп отыр. Атырау, Алматы, Шымкент пен Өскемендегі VFS Global орталығында 6 ақпанға дейін қабылданады.Электронды кезек тағы екі жерде іске қосыладыҚазіргі кезде электрондық кезек Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасымен шекарадағы 34 өткізу пунктінде электрондық кезек бар.Осы жүйе тағы екі жерде іске қосылады. Олар:Электрондық кезекті брондау үшін "CarGoRuqsat" мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында өткізу пунктін, өту күнін мен уақытын, сондай-ақ жүргізуші мен көлік құралы туралы мәліметтерді енгізу керек.Кореядан айыппұлсыз кетуге боладыОңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін өз еркімен елге қайта алады. Ондай адамдарға айыппұл да, қайта кіруге тыйым да салынбайды.Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледіБірақ қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктер ерікті түрде елден шығу бағдарламасына қатыса алмайды.Әуе қатынасы өзгереді7 ақпаннан бастап Vietjet Qazaqstan компаниясы Бішкекке аптасына үш рет (дүйсенбі, бейсенбі мен сенбі күндері) рейс жасайтын болады.Ал FlyArystan Астанадан Кутаисиге әуе рейстерін уақытша тоқтатады. Негізгі мақсат – кестені оңтайландыру. 16 наурызда рейстер қайта іске қосылады. Билет алған азаматтар оны бір рет басқа күнге ауыстыра алады, я болмаса, ақшаны қайтаруға мүмкіндік бар.Олимпиаданы тамашалаймыз6-22 ақпан аралығында Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасы атынан 36 спортшы қатысады.Олимпиада ойындары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Ал ашылу салтанатын тағы "Хабар" мен "Jibek Joly"-на тамашалауға болады.Оқушылардың каникулы басталадыҮшінші тоқсан тек 1-сынып оқушыларына ғана қосымша каникул беріледі. Олар 9-15 ақпан күндері оқымайды.Ал көктемде 19-29 наурыз күндері барлығына бірдей каникул болады. 25 мамырда оқу жылы аяқталады.Ақпан айында неше күн демаламызБұл айда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан қосымша демалыс болмайды. Қазақстандықтар тек сенбі-жексенбі күндері тыныға алады.
https://sputnik.kz/20260123/ulttyq-qor--balalarga-bagdarlamasyna-ozgeris-engizilui-mumkin-60639632.html
https://sputnik.kz/20260129/zeynetaqy-esebinen-ipoteka-qaryzyn-toleu-2-nauryzga-deyin-toqtatylady---otbasy-banki-60774668.html
https://sputnik.kz/20251205/mektep-pen-balabaqshaga-zhosparly-zhane-zhospardan-tys-tekseris-zhurgiziledi-59370402.html
https://sputnik.kz/20260130/studentter-ushin-manyzdy-zhanalyq-zhariyalandy-60801036.html
https://sputnik.kz/20251204/toqaev-kontsert-kezinde-fonogramma-paydalanuga-tyyym-salatyn-zanga-qol-qoydy-59349713.html
https://sputnik.kz/20251106/fonogramma-ushin-4-mln-tenge-ayyppul-salynady-58498591.html
https://sputnik.kz/20260124/italiya-elshiligi-vizaga-qatysty-manyzdy-khabarlandyru-zhasady-60649626.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898810_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_6af4b26fab28f60d681022186cc4d90a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзгерістер, ақпан, ұлттық қор, фонограмма, каникул, өрт қауіпсіздігі, салық
өзгерістер, ақпан, ұлттық қор, фонограмма, каникул, өрт қауіпсіздігі, салық
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді
1 ақпанда "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында мыңдаған баланың есепшотына ақша аударылады
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақпан айында қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман қауымы бір ай бойы ораза ұстайды. Ал балалардың есепшотына ұлттық қордан ақша түседі. Бұдан бөлек, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ипотеканы өтеу тәртібі өзгереді. Әртістер фонограмма пайдаланудың жаңа тәртібін сақтауға міндеттелді.
Sputnik Қазақстан ақпан айында болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.
19 ақпанда барша мұсылмандар үшін он екі айдың сұлтаны - қасиетті Рамазан айы басталады. Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға ораза ұстау – парыз. Рамазан айы 19 наурызға дейін жалғасады.
Қадір түні - 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн;
Ораза айт мерекесі - 20 наурызда.
Айта кетері, Ораза айтта демалыс берілмейді. Биыл бұл діни мереке жұмаға түсіп тұр.
Ұлттық қордан қанша ақша түседі
1 ақпанда "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында мыңдаған баланың есепшотына ақша аударылады. Әрбір балаға шамамен 130 доллар түседі. Ал бағдарламаның басталғанына үш жыл болғанын ескерсек, есепшоттағы ақшаның көлемі 360 долларға (қазіргі курспен 181 мың теңгеге) жетеді.
18 жасқа дейін ұлттық қордан аударылған қаржыға инвестициялық табыс та түседі. Себебі ол ақша жай жатқан жоқ. Оны доллармен ұстайды.
Ал балалар кәмелет жасқа жеткеннен кейін бұл ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім беру ақысын төлеуге жұмсай алады. Алдағы уақытта жиналған ақшаны бір отбасының балалары арасында бір-біріне беруге рұқсат етілуі мүмкін.
Ипотеканы өтеу тәртібі қалай өзгереді
Отбасы банкі 2 наурызға дейін зейнетақы жинақтарының есебінен ипотеканы өтеуге өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Мамандар мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайтындағы жеке кабинетті жаңа талаптар бойынша өзгертеді.
Бұдан былай зейнетақы қорынан аударылған ақшаға ипотеканың негізгі қарызын ғана жабуға болады. Ал проценттер мен айыппұлдар қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді.
Жаңа талапқа сәйкес, проценттердің ақысы ағымдағы есепшоттан, ал негізгі қарыз арнайы шоттан алынады. Сондықтан ақшаны алдын ала салып қойған жөн.
Мектеп пен балабақшаларда тексеріс басталады
Осы айдан бастап мектептер, балабақшалар, лагерьлер және басқа да ұйымдар бойынша бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Атап айтқанда, жоспарлы тексеріс жоғары, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне жатқызу нәтижелері бойынша тағайындалса, жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарланбастан жүргізіледі.
Оған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз бола алады. Сосын заңнама талаптарын бұзудың нақты фактілері анықталған жағдайда жоспардан тыс тексеріс жіберіледі.
Әскери кафедраға өтініштер онлайн беріледі
1 ақпан мен 30 қыркүйек аралығында күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат студенттері әскери кафедраға өтінішті eGov.kz порталы арқылы онлайн форматта жібере алады.
Бұрын студенттер құжаттарды тікелей жоғары оқу орындарында қағаз түрінде тапсыратын. Әскери кафедрада запастағы лейтенант немесе запастағы кіші сержант шендерін алуға болады.
Өрт қауіпсіздігі талабы күшейтіледі
1 ақпаннан бастап Қазақстанда объектіні қабылдау және пайдалануға бермес бұрын оның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу қажет.
Бұл талап адамдар жаппай болатын нысандарға, сондай-ақ, биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге де қолданылады.
Паспорт алу үшін - емтихан
3-10 ақпан аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерге арналған емтиханға өтініш қабылдау басталады.
Өтінішті ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.
Фонограммаға қатысты талаптар күшіне енеді
Бұған дейін президент концерт кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойған болатын. Бұл құжат 60 күннен кейін, яғни, 4 ақпанда күшіне енеді.
Заң талаптарына сәйкес, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген жерде фонограмма пайдалануға рұқсат беріледі. Ал техникалық тұрғыда толығымен жабдықталған залда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады.
Фонограмма пайдаланғаны үшін айыппұлдың көлемі 4 млн теңгеге дейін артып отыр.
Салық режимін таңдау қажет
Биыл 1 наурызға дейін жеңілдетілген декларация режимінде қалғысы келетін жеке кәсіпкерлер салық органына міндетті түрде хабарлама тапсыруы керек. Ол хабарлама берілмесе, кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу режиміне ауыстырылады.
Ал патентпен немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне өте алады. Бұл режимде жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ.
Бұрын бөлшек салық немесе жеңілдетілген декларация қолданған кәсіпкерлер жеңілдетілген режимде жұмысын жалғастыра алады, бірақ жаңа талаптар бар: Олар:
жылдық табыс шегі 600 000 АЕК (шамамен 2 млрд 595 млн теңге);
салық мөлшерлемесі – 4% (әкімдіктерде оны 2%-ға дейін төмендетуге немесе 6%-ға дейін көтеруге құзіреті бар);
Жеңілдетілген режимде жұмысты жалғастыру үшін 28 ақпанға дейін режимді қолдану туралы хабарлама беру қажет.
Ал шаруа және фермер қожалықтары жеке арнайы салық режиміне автоматты түрде ауысады.
Қытай мен Италияға кіру қиындайды
16-18 ақпан күндері Қытайда көктемді мерекесі аталып өтеді. Осыған байланысты шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жабылады. Бірақ екі ел арасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей береді.
Ал Италия елшілігі 12-18 ақпан күндері жоспардан тыс техникалық жұмыстарға байланысты визаға берілген өтініштерді өңдеу жүйесі жұмыс істемейтінін хабарлаған болатын. Осыған байланысты Астатанда өтініштерді қабылдаудың соңғы күні 11 ақпанға белгіленіп отыр. Атырау, Алматы, Шымкент пен Өскемендегі VFS Global орталығында 6 ақпанға дейін қабылданады.
Электронды кезек тағы екі жерде іске қосылады
Қазіргі кезде электрондық кезек Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасымен шекарадағы 34 өткізу пунктінде электрондық кезек бар.
Осы жүйе тағы екі жерде іске қосылады. Олар:
Алматы облысындағы "Кеген" өткізу пунктінде (2026 жылғы 30 қаңтарда);
Жамбыл облысындағы "Қордай" өткізу пункті (2026 жылғы 16 ақпанда).
Электрондық кезекті брондау үшін "CarGoRuqsat" мобильді қосымшасында немесе веб-нұсқасында өткізу пунктін, өту күнін мен уақытын, сондай-ақ жүргізуші мен көлік құралы туралы мәліметтерді енгізу керек.
Кореядан айыппұлсыз кетуге болады
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін өз еркімен елге қайта алады. Ондай адамдарға айыппұл да, қайта кіруге тыйым да салынбайды.
Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі
Бірақ қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктер ерікті түрде елден шығу бағдарламасына қатыса алмайды.
7 ақпаннан бастап Vietjet Qazaqstan компаниясы Бішкекке аптасына үш рет (дүйсенбі, бейсенбі мен сенбі күндері) рейс жасайтын болады.
Ал FlyArystan Астанадан Кутаисиге әуе рейстерін уақытша тоқтатады. Негізгі мақсат – кестені оңтайландыру. 16 наурызда рейстер қайта іске қосылады. Билет алған азаматтар оны бір рет басқа күнге ауыстыра алады, я болмаса, ақшаны қайтаруға мүмкіндік бар.
6-22 ақпан аралығында Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасы атынан 36 спортшы қатысады.
Олимпиада ойындары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Ал ашылу салтанатын тағы "Хабар" мен "Jibek Joly"-на тамашалауға болады.
Оқушылардың каникулы басталады
Үшінші тоқсан тек 1-сынып оқушыларына ғана қосымша каникул беріледі. Олар 9-15 ақпан күндері оқымайды.
Ал көктемде 19-29 наурыз күндері барлығына бірдей каникул болады. 25 мамырда оқу жылы аяқталады.
Ақпан айында неше күн демаламыз
Бұл айда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан қосымша демалыс болмайды. Қазақстандықтар тек сенбі-жексенбі күндері тыныға алады.
5 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн демалыс;
6 күндік жұмыс аптасы үшін 4 күн демалыс.