Ипотеканы зейнетақы жинақтары есебінен өтеу тәртібі өзгереді
14:00 29.01.2026 (жаңартылды: 14:23 29.01.2026)

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Банк зейнетақының артылған есебінен қарыздарды ішінара өтеудің жаңа ережелерін түсіндірді
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Отбасы Банкі 31 қаңтардан 2 наурызға дейін зейнетақы жинақтарының есебінен ипотеканы өтеуге өтінімдерді қабылдауды әзірге тоқтатты, деп хабарлады банк.
31 қаңтардан бастап зейнетақы қорынан аударылған ақшаға ипотеканың негізгі қарызын ғана жабуға болады. Ал проценттер мен айыппұлдар қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді.
"Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ай сайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды. Несие бойынша сыйақы (пайыздар) және ай сайынғы төлем құрамына кіретін басқа да ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс", - дейді банк мамандары.
Осыған байланысты ипотекалық қарызды төлеу тәртібі өзгереді және екі кезеңнен тұрады: Олар:
алдымен несие бойынша сыйақы және басқа да ілеспе төлемдер қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді;
содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинақтарының артығы есебінен өтеледі.
Осылайша, проценттердің ақысы ағымдағы есепшоттан, ал негізгі қарыз арнайы шоттан алынады. Сондықтан ақшаны алдын ала салып қойған жөн.
"Қазіргі кезде мобильді қосымшаны және otbasybank.kz сайтындағы жеке кабинетті жаңа талаптарға бейімдеу шаралары басталды. Сол себепті Отбасы банкі біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен қарызды ішінара немесе толық өтеуге арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатуға мәжбүр", - делінген хабарламада.
31 қаңтардан бастап 2026 жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылады enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау да тоқтатылады.
Ал 30 қаңтар күнін қоса алғандағы уақытта берілген өтінімдер бұрынғы ережелерге сәйкес жұмыс тәртібінде қаралады.
Айта кетері, ипотекалық қарыздың ай сайынғы төлемі бірнеше бөліктен тұрады:
негізгі қарыз – бұл банктің тұрғын үй сатып алу үшін клиентке берген қаражаты;
банктің сыйақысы – тұрғын үй сатып алуға берілген қаражатты пайдаланғаны үшін есептелетін пайыздар;
мүмкін болатын мерзімі өткен берешек пен өсімпұлдар (төлем уақытында жасалмаған жағдайда есептеледі);
кейінге қалдырылған төлемдер (егер қарыз қайта құрылымдалған болса).
