"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына өзгеріс енгізілуі мүмкін

© Photoбалалар лагері
балалар лагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2026
Жазылу
Жинақталған ақшаны бір отбасының балалары арасында бір-біріне беруге рұқсат ету ұсынылып отыр
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бағдарлама аясында жинақталған ақшаны бір отбасының балалары арасында бір-біріне беруге рұқсат ету мүмкіндігі ұсынылып отыр. Ұлттық банк басшысы бұны "қызық идея" деп атады.
"Оны қарау керек. Егер бір отбасының ішінде болса, мәселен, біреу 22 жасқа келіп, екіншісі 18-де болса, ал үлкені ақшаны пайдаланбаған жағдайда інісіне немесе қарындасына жинауға берсе, қарастыруға болады", — деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында берілген ақша оқуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсалады.
Айта кетері, бүгінде "Келешек" бағдарламасы аясында жиналған ақшаны бауырларға беруге болады. Мәселен, жинақтың иесі грантқа түсіп кетсе, я болмаса, жиналған ақшаның көлемі оқу ақысынан асып тұрған жағдайда қалғанын іні-қарындастарына беруге рұқсат бар.
Алматыдағы тұрғындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
"Ұлттық қор - балаларға": 2025 жылдың ақшасы есепшоттарға қашан түседі
Жаңалықтар
0