Мектеп пен балабақшаға жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Жазылу
Президент білім және отбасы мәселелері жөніндегі құжатқа қол қойды
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. 4 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі заң білім беру мекемелерінде тексеріс жүргізуді көздейді.
Енді мектептер мен балабақшаларда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Жоспарлы тексеріс білім беру ұйымын жоғары, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне жатқызу нәтижелері бойынша тағайындалады.
Бірақ жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарланбастан жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексеруге:
мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
заңнама талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары;
заң бұзушылықтың нақты фактілері бойынша;
мемлекеттік органдардың өтініштері;
заң бұзушылықтың нақты фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен хабарламалар болған кезде;
қылмыстық қудалау органының тапсырмасы негіз болады.
Заңда тағы да қарастырылған мәселелер:
мүгедек балалардың ата-аналары және науқас туыстарына қамқорлық жасайтындар жоғарғы оқу орнынан кейін грант бойынша жұмыс істеуден босатылады;
ірі халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары енді ақшалай көтермеленеді;
мемлекеттік балабақшаларға арналған учаскелерді жеке меншікке беруге болмайды.
Жаңалықтар
0