Қазақстандықтар алғашқы АЭС-ты қалай атауды ұсынды

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстандағы АЭС макеті
Қазақстандағы АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Адамдар географиялар атауларды көп ұсынған
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев алғашқы АЭС-тың атауына жарияланған конкурсқа қандай ұсыныстар түскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде қазақстандықтар тарапынан 20 мыңнан астам ұсыныс түскен.
"Біз алдын ала талдау жасадық. Адамдар географиялар атауларды көп ұсынған. Соның ішінде "Балқаш", "Илийская", "Үлкен", "Мойынқұм" сияқты атаулар бар. Сосын танымал тарихи тұлғалардың атын ұсынатындар көп. Мәселен, академик Чокин, Абай, Батуров, Қаныш Сәтпаев сияқты тұлғалардың есімін беруді ұсынып жатыр", - деді Сәтқалиев мәжілістегі брифингте.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар алғашқы АЭС-ке "Жарық", "Қуат", "Энерджи", "Энерго" сияқты атауларды беру керек деп санайды.
Айта кетері, Қазақстандағы алғашқы АЭС Алматы облысында салынады. Бүгін Сәтқалиев Балқаштың жағалауында тағы бір станцияның салынатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, Каспий жағалауында АЭС бой көтеруі мүмкін.
Первая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Алғашқы АЭС-тің атауын таңдауға арналған конкурс басталды
Жаңалықтар
0