https://sputnik.kz/20250925/algashqy-aes-tin-atauyn-tandauga-arnalgan-konkurs-bastaldy-57356774.html
Алғашқы АЭС-тің атауын таңдауға арналған конкурс басталды
Алғашқы АЭС-тің атауын таңдауға арналған конкурс басталды
Sputnik Қазақстан
Оған 16 жастан асқан республиканың барлық азаматы қатысуға құқылы 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T14:57+0500
2025-09-25T14:57+0500
2025-09-25T14:57+0500
атом электр станциясы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/08/08/56240186_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_8fe0e21aec0689a9c3357ff82600bf73.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұңғыш атом электр станциясының атауын таңдауға арналған жалпыұлттық конкурс басталды, деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттік.Атау 30 таңбадан аспауы керек, қазақстандықтардың ұсынысы орысша да, қазақша да қабылданады.Бір қатысушыдан бір ғана ұсыныс қабылданады және республиканың 16 жасқа толған барлық азаматы қатысуға құқылы.Атом электр станциясының атауы бойынша ұсыныстар бірнеше критерий негізінде бағаланады:Конкурс комиссиясы соңғы шешімін ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.Қазақстанда атом электр станциясын "Росатом" басқаратын халықаралық консорциум салады.Алматы облысындағы Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы басталды, оны 2035-2036 жылдарға дейін аяқтау жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20250909/aes-tyn-uzdik-atauyn-tandaytyn-komissiyanyn-quramy-zhariyalandy-56933378.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/08/56240186_13:0:1150:853_1920x0_80_0_0_2f0ba6db77139e500548f3d949518253.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы, қазақстан
атом электр станциясы, қазақстан
Алғашқы АЭС-тің атауын таңдауға арналған конкурс басталды
Оған 16 жастан асқан республиканың барлық азаматы қатысуға құқылы
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұңғыш атом электр станциясының атауын таңдауға арналған жалпыұлттық конкурс басталды, деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттік.
"Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясына атау беру конкурсы басталды. Сауалнама eGov Mobile қосымшасында жүргізілуде. Негізгі бетте "Атом электр станциясы үшін өз атауыңызды ұсыныңыз" деген баннер орналастырылып, пайдаланушыларға байқаудың басталғаны туралы push-хабарлама жіберілді", - делінген хабарламада.
Атау 30 таңбадан аспауы керек, қазақстандықтардың ұсынысы орысша да, қазақша да қабылданады.
Бір қатысушыдан бір ғана ұсыныс қабылданады және республиканың 16 жасқа толған барлық азаматы қатысуға құқылы.
Атом электр станциясының атауы бойынша ұсыныстар бірнеше критерий негізінде бағаланады:
қатысушылар арасында танымалдылық,
саланың имиджіне сәйкестігі,
бірегейлігі, есте сақтауға жеңіл болуы.
"Ұсыныс жинау 2025 жылдың 10 қазанында сағат 23:59-да аяқталады", - деп хабарлады агенттік.
Конкурс комиссиясы соңғы шешімін ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
Қазақстанда атом электр станциясын "Росатом" басқаратын халықаралық консорциум салады.
Алматы облысындағы Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы басталды, оны 2035-2036 жылдарға дейін аяқтау жоспарлануда.