АЭС-тың үздік атауын таңдайтын комиссияның құрамы жарияланды

© Sputnik/Ертай СарбасовҮлкен ауылындағы АЭС құрылысын бастау шарасы
Үлкен ауылындағы АЭС құрылысын бастау шарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Жазылу
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы арнайы бұйрықты шығарды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысындағы атом электр станциясының үздік атауын таңдайтын комиссияның құрамы бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы арнайы бұйрықты шығарды. Оған сәйкес, Алматы облысындағы АЭС-тың үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізетін комиссия құрылды.
Комиссияға екі міндет жүктеліп отыр:
19 қыркүйекке дейін конкурс ережесін бекіту;
17 қазанға дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауын айқындау.
Ал комиссияның құрамына агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, орынбасары Тимур Жантикин, сенаторлар Бибігүл Жексенбай, Дархан Қыдырәлі, мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Кұлкенов, "Егемен Қазақстан" газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, блогер Яков Федоров және тағы басқа азаматтар енді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2025
Тоқаев тағы екі АЭС құрылысын жоспарлауды тапсырды
Жаңалықтар
0