Каспий жағалауында АЭС салынуы мүмкін

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Жақын арада тиісті зерттеу жұмыстары атқарылады
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Каспий теңізінің жағалауында атом электр станциясын салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Батыс Қазақстанда атом электр станциясы салынатын алаң анықталған жоқ.
"Бірақ Каспий жағалауы шағын және орта қауаттылығы бар реакторлары бар атом электр станциясын салуға болатын жер ретінде қарастырылып жатыр. Жақын арада тиісті зерттеу жұмыстары атқарылады", - деді Сәтқалиев мәжілістегі брифингте.
Оның айтуынша, АЭС салынатын жер МАГАТЭ талаптарына сай болуы қажет. Атап айтқанда, сейсмикалық жағдай, қажетті судың бар-жоғы ескеріледі.
"Батыс Қазақстанда бұрын ядролық нысан болған. Демек, белгілі бір тәжірибе бар", - деді агенттік басшысы.
Қазақстандағы АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Алматы облысында екі АЭС салынады
Жаңалықтар
0