Алматы облысында екі АЭС салынады

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстандағы АЭС макеті
Қазақстандағы АЭС макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2025
Жазылу
Екі атом электр станциясы да Жамбыл облысында Балқаштың жағалауында салынады
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Алматы облысында екі АЭС салынады. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атом электр станциялары Жамбыл ауданында салынады. Сәтқалиевтің айтуынша, екеуі де Балқаш көлінің жағалауында бой көтереді.
"Бірінші алаң - Үлкен. Ал екінші алаң МАГАТЭ талаптарына сай анықталатын болады. Екі атом электр станциясы да Жамбыл облысында Балқаштың жағалауында салынады", - деді Сәтқалиев мәжілістегі брифингте.
Ал үшінші АЭС Абай облысында салынуы мүмкін. МАГАТЭ өз келісімін берді. Бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Станцияны салатын вендор да анықталмады.
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет - Тоқаев
Жаңалықтар
0