АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет - Тоқаев

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Президент табиғи байлығымызды, яғни уранды талан-таражға салуға болмайтынын ескертті
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйлеп, ғылым мен технология барлық мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екеніне назар аударды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы өз сөзінде таяуда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша жұмыстар басталғанын айтып, осы бағыттағы бірқатар келелі мәселеге тоқталды. Жобаны халықаралық консорциум жүзеге асырады. Оның жетекшісі – "Росатом" компаниясы.
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйле
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйле - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйле

"Тиісті агенттік, жалпы, үкімет осы компаниямен келіссөздер өткізген кезде әрдайым еліміздің мүддесін ескеруі қажет, келісімдердің барлығы әділетті, теңгерімді, тиімді болуы керек. Табиғи байлығымызды, яғни уранды талан-таражға салуға болмайды. Бүгін мен мұны ғалымдардың және бүкіл ғылым қауымдастығының алдында әдейі айтып отырмын. Бұл – аса маңызды мәселе", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бір атом электр станциясымен шектеліп қалмайды. Сондықтан екінші, үшінші атом станциясын қазірден бастап жоспарлай беру керек.
Президент еліміздің атом ғылымындағы өзекті мәселелерге тоқталып, бірінші кезекте осы саланың кадрлық әлеуетін арттыру қажет екенін жеткізді.
"Елімізде білікті инженерлер, техникалық мамандар тапшы. Бұл – шын мәнінде, өте өзекті мәселе. Атом саласындағы жағдай да дәл осындай. Ахуалды жедел түзеу керек. Бүгінде жоғары оқу орындарын бітіріп жатқан түлектердің 90 пайызы – бакалаврлар. Ал ғылым докторларының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан докторантураға бөлінетін грант санын көбейту қажет", – деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйле
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйле - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйле
Тоқаев әсіресе техникалық мамандықтарға басымдық берген абзал екенін айтты.
"Менің тапсырмам бойынша "Болашақ" стипендиясының 70 пайызға жуығы техникалық-инженерлік мамандық иелеріне беріле бастады. Былтыр жасанды интеллект саласына жыл сайын 50-ден астам стипендия бөлу туралы шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап атом мамандарын дайындау үшін жылына 20 квота беріледі. Мұны технократ ұлт болу жолындағы маңызды қадам деуге болады", - деді президент.
Кеңес барысында Тоқаев Абай облысында АЭС салу перспективасын ескере отырып, Курчатовтағы ғылыми қалашықтың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет екенін еске салды.
Касым-Жомарт Токаев выступил на Общих дебатах 80-й сессии Генассамблеи ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Миллиондаған адам үмітпен көз тігіп отыр – Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында не жайлы айтты
Жаңалықтар
0