https://sputnik.kz/20250418/soytsem-zhany-shygyp-ketti-sherzattyn-akesi-balasynyn-qay-kezde-qaytys-bolganyn-aytty-52613258.html
"Сөйтсем, жаны шығып кетті": Шерзаттың әкесі баласының қай кезде қайтыс болғанын айтты
"Сөйтсем, жаны шығып кетті": Шерзаттың әкесі баласының қай кезде қайтыс болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, Нұрқанаттың жауырынан, ал Шерзаттың кеуде тұсынан және аузынан қан ағып тұрды 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T16:32+0500
2025-04-18T16:32+0500
2025-04-18T17:00+0500
талғар
сот
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52599635_0:4:1280:724_1920x0_80_0_0_ff67c7bf62b6ebd470b8c4d26983f6ff.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов баласының қай кезде қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Шерзат пен Нұрқанатты басынан мылтықпен ұрғаннан кейін екеуі де есінен танып қалған.Оның айтуынша, Нұрқанаттың жауырынан, ал Шерзаттың кеуде тұсынан және аузынан қан ағып тұрды."Жолда қатты жүргеннен кейін балам орындықтан жылжып, құлап кетті. Мен тоқтадым... Сөйтсем, жаны шығып кетті... Реанимация жасап көрдім. Сосын көлікке салып алып, ауруханаға өзім жеткіздім", - деді Нұрымов.Осы орайда прокурор Шерзаттың қай кезде қайтыс болғанын нақтылауды сұрады. Нұрымов баласын көлікке салғанда жан тапсырып жатқанын жеткізді.Ауруханада дәрігерлер жан сақтау бөлімінен кешірім сұрап шыққан.Сонымен қатар, Шерзаттың әкесі де кәмелет жасқа толмаған сотталушыға талап-арызы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сотталушы Думан Ысқақ оқиға орнына бірінші болып келген. Бірақ кикілжіңге қатысқан жоқ, керісінше, жанжалды шешуге тырысты.Осы орайда судья басқа сотталушыларға қатысты ұстанымын сұрады. Қаржаубай Нұрымов тек әділетті шешім қалайтынын мәлімдеді."Мен әділетті шешім күтемін. Ешкімге жала жауып, ешкімге ақ-қарасын... Ешкімнің ақшасы керегі жоқ. Тек келіп-кетіп жүргенін жігіттері болсын, басқасы болсын. Менің отбасымды ешкім мазаламасын. Жеке әңгімелерің болса, мен өз сөзіме, өз іс-әрекетіме, қайсысына болса да, жауап бере аламын. Ал баламның қанын төккен адамдар жауап беруі керек", - деді Шерзаттың әкесі.Айта кетері, Қаржаубай Нұрымов бұған дейін 102-ге де, 103-ке де қоңырау шалғанын айтты. Бірақ ешкім жауап бермеді. Шерзаттың әжесі сотталушылардың біреуін кешіретінін мәлімдеді. Ал анасы трагедияның мән-жайын айтып берді.
https://sputnik.kz/20250410/sherzat-polat-isi-boyynsha-sot-otyrysy-bastaldy-52351386.html
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52599635_155:0:1126:728_1920x0_80_0_0_8973b4ee3dd977f0067485e7a2da2dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талғар, сот
"Сөйтсем, жаны шығып кетті": Шерзаттың әкесі баласының қай кезде қайтыс болғанын айтты
16:32 18.04.2025 (жаңартылды: 17:00 18.04.2025) Оның айтуынша, Нұрқанаттың жауырынан, ал Шерзаттың кеуде тұсынан және аузынан қан ағып тұрды
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов баласының қай кезде қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шерзат пен Нұрқанатты басынан мылтықпен ұрғаннан кейін екеуі де есінен танып қалған.
"Мен екеуі де өліп қалды деп ойладым. Көлікті оталдыртып, қайтып келсем, баламның тамыры соғып тұрды. Нұрқанаттың да пульсы болды. Сөйтіп, екеуін де көлікке салып алдым да, ауруханаға қарай жөнелдім", - деді Шерзаттың әкесі бүгінгі сот отырысында.
Оның айтуынша, Нұрқанаттың жауырынан, ал Шерзаттың кеуде тұсынан және аузынан қан ағып тұрды.
"Жолда қатты жүргеннен кейін балам орындықтан жылжып, құлап кетті. Мен тоқтадым... Сөйтсем, жаны шығып кетті... Реанимация жасап көрдім. Сосын көлікке салып алып, ауруханаға өзім жеткіздім", - деді Нұрымов.
Осы орайда прокурор Шерзаттың қай кезде қайтыс болғанын нақтылауды сұрады. Нұрымов баласын көлікке салғанда жан тапсырып жатқанын жеткізді.
"Мен оны көлікке салған кезде "агональный состояниеде" болды, жан тапсырып жатты. Соңғы демде... жанталасып... Басында пульс болды. Ал тоқтап, қайтадан жатқызғанда пульс болмады", - деді Шерзаттың әкесі.
Ауруханада дәрігерлер жан сақтау бөлімінен кешірім сұрап шыққан.
Сонымен қатар, Шерзаттың әкесі де кәмелет жасқа толмаған сотталушыға талап-арызы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сотталушы Думан Ысқақ оқиға орнына бірінші болып келген. Бірақ кикілжіңге қатысқан жоқ, керісінше, жанжалды шешуге тырысты.
"Бұл жігітке ешқандай талабым жоқ", - деді Нұрымов бүгінгі сот отырысында.
Осы орайда судья басқа сотталушыларға қатысты ұстанымын сұрады. Қаржаубай Нұрымов тек әділетті шешім қалайтынын мәлімдеді.
"Мен әділетті шешім күтемін. Ешкімге жала жауып, ешкімге ақ-қарасын... Ешкімнің ақшасы керегі жоқ. Тек келіп-кетіп жүргенін жігіттері болсын, басқасы болсын. Менің отбасымды ешкім мазаламасын. Жеке әңгімелерің болса, мен өз сөзіме, өз іс-әрекетіме, қайсысына болса да, жауап бере аламын. Ал баламның қанын төккен адамдар жауап беруі керек", - деді Шерзаттың әкесі.
Айта кетері, Қаржаубай Нұрымов бұған дейін 102-ге де, 103-ке де қоңырау
шалғанын айтты. Бірақ ешкім жауап бермеді. Шерзаттың әжесі сотталушылардың
біреуін кешіретінін мәлімдеді. Ал анасы трагедияның мән-жайын
айтып берді.