"Аузыңды жап, сені де өлтіремін!": Шерзаттың анасы трагедияның мән-жайын айтып берді

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жазылу
Шерзаттың анасы мылтықты кімнің алып келгенін байқамағанын айтты
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Бүгінгі сот отырысында Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бейшембиева күдіктілер баласын қалай өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түнде Қаржаубай Нұрымов жұбайына өзі хабарласып, "Шерзат біреуді ұрып қойды" деп айтқан. Сосын Нұрқанатты (Шерзаттың ағасы - Sputnik) оятуды сұраған. Сол кезде анасы мен әжесі дереу Нұрқанатты оятқан. Сосын өздері шыдай алмай, оқиға орнына таксимен барған.
"Біз "Қамажай" дүкеніне 5-10 минутта жетіп бардық. Дүкеннің алдында 10-15 шақты адамды көрдік. Сол адамдардың арасында екі қызды да көрдім. Ал дүкеннің алдында тоқтай салысымен біреудің "Делайте!" деген сөзін де естіп қалдым. Шерзат Дарханды ұрды ғой. Дархан өш алуға тырысқан болуы керек, Шерзатты бетінен ұрады. Сол кезде Шерзат артына қарай шегінеді де, оны қайтадан ұрады. Ол жерге құлап түседі", - деді Бейшембаева.
Оның айтуынша, сотталушылар Нұқанат пен Шерзатқа жабылған. Ал әжесі арашалауға тырысқанда Абзал Шынасыл оны қолынан жұлқып жіберген.
"Мен Шерзатқа қарай жүгіріп бара жатқанда Абзал мен Нұрбол қолымнан ұстап алып, жібермей қойды. Менің балама тимеңдерші деп жалындым. Сол кезде Абзал "Аузыңды жап, сені де өлтіремін!" деп айтты. Мен сол жерде болған екі қызға полиция мен жедел жәрдемді шақырыңдаршы деп өтіндім. Олар маған қарап тұрды, ештеңе істеген жоқ. Сосын мен жұлқынып, Шерзатқа қарай жүгіріп кеттім", - деп атап өтті Шерзаттың анасы.
Нұрқанат пен Шерзатқа 7-8 адам жабылған. Шерзат артқа қарай шегінгенде жерге құлады.
"Сол кезде мен Шерзаттың аузынан бұрқ етіп, қан аққанын көрдім. Ол маған мама, мына жағымды қараңызшы деді. Сол жағын көрсетті. Мен пышақ салынған жерді көрдім. Нұрқиястың қолында мылтық болды. Олар Нұрқанатты ұрып-тепкеннен кейін бізге қарай бет алады. Шерзаттың ауыр халде жатқанына қарамады. Нұрқияс ұрайын деп жатқанда мен оң қолымды тосып қалдым. Қолыма тиді, одан кейін Шерзаттың басынан үш-төрт рет ұрды. Ал жақын үйлерде тұратын адамдар шыққаннан кейін олар қаша жөнелді", - дейді Гүлбара.
Шерзаттың анасы мылтықты кімнің алып келгенін айта алмады. Ал тергеу кезінде сотталушылардың есімін шатастыруым мүмкін деді. Бірақ Абзалдың пышақ сұққанына сенімді.
Жаңалықтар
0