https://sputnik.kz/20250418/bir-qudayga-tapsyrdym-sherzattyn-azhesi-kameletke-tolmagan-balany-keshirgenin-aytty-52600323.html
"Бір құдайға тапсырдым": Шерзаттың әжесі кәмелетке толмаған баланы кешіргенін айтты
"Бір құдайға тапсырдым": Шерзаттың әжесі кәмелетке толмаған баланы кешіргенін айтты
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, сотталушылар да, олардың ата-анасы да кешірім сұраған жоқ 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T11:38+0500
2025-04-18T11:38+0500
2025-04-18T11:38+0500
талдықорған
сот
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52599678_3:0:1278:717_1920x0_80_0_0_d11e1bb1cc83f22abd69f1301b877a98.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова сотталушылардың бірін кешіргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінгі сот отырысында Шерзаттың әжесі баласының айтқан бір сөзін еске алды. Бірақ нақты қай баласы айтқанын нақтылаған жоқ.Осы орайда Шерзаттың әжесі бәрін Аллаға тапсырғанын және әділ сотқа сенетінін мәлімдеді."Менің балам да, мен де бәрін кешірдік. Алла кешірсін бұларды, тек Алладан кешірім сұрасын. Бір Аллаға тапсырдым. Судья, сіз осыларға нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба, жақтап қаласыз ба, ол сіздің ар-намысыңызға берілген дүние. Мен бәрін де бір құдайға ғана тапсырдым. Өсіп-өнері бар, өмір сүрері бар. Ата-аналары да артымызда анау-мынау деп, шұқынып сөйлеп отыр. Бірақ мен сабыр сақтап, шыдап отырмын", - деп атап өтті Қадырова.Оның айтуынша, сотталушылар да, олардың ата-анасы да кешірім сұраған жоқ. Бұған дейін олардың сотты болғанын да еске салды.Айта кетері, Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың ішінде төртеуі бұрын сотты болған. Ал кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52599678_162:0:1118:717_1920x0_80_0_0_319c8bb53d6e32a539b44a4fa94be874.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, сот
"Бір құдайға тапсырдым": Шерзаттың әжесі кәмелетке толмаған баланы кешіргенін айтты
Оның айтуынша, сотталушылар да, олардың ата-анасы да кешірім сұраған жоқ
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова сотталушылардың бірін кешіргенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында Шерзаттың әжесі баласының айтқан бір сөзін еске алды. Бірақ нақты қай баласы айтқанын нақтылаған жоқ.
"Мына жерде маған 16 жасар балаға (сотталушы Думан Ысқақ – Sputnik) менің балам кешірім берді деп жатыр. Мама, біздің Шерзатымыз өліп кетті, енді қайтарып алып кете алмайтынымыз анық қой. 16 жасар баланың өміріне балта шаппайық, қолдан келгенше кешірім берейік деді. Мен кешірім бердім деп айтты", - деді Қадырова.
Осы орайда Шерзаттың әжесі бәрін Аллаға тапсырғанын және әділ сотқа сенетінін мәлімдеді.
"Менің балам да, мен де бәрін кешірдік. Алла кешірсін бұларды, тек Алладан кешірім сұрасын. Бір Аллаға тапсырдым. Судья, сіз осыларға нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба, жақтап қаласыз ба, ол сіздің ар-намысыңызға берілген дүние. Мен бәрін де бір құдайға ғана тапсырдым. Өсіп-өнері бар, өмір сүрері бар. Ата-аналары да артымызда анау-мынау деп, шұқынып сөйлеп отыр. Бірақ мен сабыр сақтап, шыдап отырмын", - деп атап өтті Қадырова.
Оның айтуынша, сотталушылар да, олардың ата-анасы да кешірім сұраған жоқ. Бұған дейін олардың сотты болғанын да еске салды.
Айта кетері, Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың ішінде төртеуі бұрын сотты болған. Ал кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр.