https://sputnik.kz/20231228/olmeytugyn-artyna-iz-qaldyrgan-2023-zhyly-omirden-ozgan-tulgalar-40917171.html
Өлмейтұғын артына із қалдырған: 2023 жылы өмірден озған тұлғалар
Өлмейтұғын артына із қалдырған: 2023 жылы өмірден озған тұлғалар
Sputnik Қазақстан
2023 жылы өмірден өткен тұлғалар: Бердібек Сапарбаев, Асқар Наймантаев, Ақжол Мейірбеков
2023-12-28T15:48+0500
2023-12-28T15:48+0500
2023-12-28T15:48+0500
2023 жыл
бердібек сапарбаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0b/35836293_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_15b39e585a8eb3a6b298a3d98ee94e22.jpg
Жалғандыққа жаны қас едіБиыл саясаткер, мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев қайтыс болды. Ол бірнеше министрлікте қызмет етіп, бірнеше облыста әкім болды. Халық арасында "мәселесі көп облысқа Мәшбекұлын жібереді" деген пікір қалыптасқан еді. Өйткені шешімі күрделі жағдай туындаған аймақтарды Бердібек Сапарбаев басқарды. Басқа әкімдерден ерекшелігі кабинетінде отырмайтындығы болды. Бір ғана мысал, іс-сапармен бір ауданға барамын деп айтып, басқа ауданды аралайтын. Оның қай мекемені аралап, қай елді мекенді тексеретінін,тіпті, көмекшісі де білмейтін. Өйткені әкім келгенде жасалып қоятын жалған жағдайға жаны қас еді. Бердібек Сапарбаев - тәуелсіз Қазақстан тарихында бес облысты басқарған жалғыз әкім.Бердібек Сапарбаев –1995 жылы шыққан "Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы", 1996 жылы жарық көрген "Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі" және 2003 жылғы "ҚР Кеден кодексі" кітаптарының авторы. Сондай-ақ ҚР Кеден кодексіне түсініктеменің авторы.Әнімен жүректі тербеткен2023 жылы қараша айында танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден озды. Сахна төрінде әндерімен тыңдарманды тербетіп өткен дара тұлға өзінің еңбек жолын әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамблінен бастаған. Ол сондай-ақ "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салды. 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. 2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды. 2010 жылдан қайтадан "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі болды."Дос-Мұқасан" ансамблінде ол "Назқоңыр", "Ахау бикем", "Он алты қыз", "Сұлу қыз" сияқты халық композиторларының және қазіргі композиторлардың әндерін орындады. Ақжол Мейірбековке 1994 жылы "ҚР Еңбек сіңірген әртісі" атағы берілді. 2011 жылы "Құрмет орденімен" марапатталды.Қазақ өнерінің тағы бір жұлдызы ағып түстіБиыл танымал актер Асқар Наймантаевпен мәңгілікке хош айтыстық. "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болған Наймантаев ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етті. Ол көптеген туындының сценарисі. Бірнеше фильмнің авторы. Еңбек ете жүріп, жас ұрпақты өнерге баулу үшін мектептер ашқан.Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында "Хантәңірі" және "Қарадала" театрларын ашты. Екі театр ашыла сала Германияның Франкфурт на Майне қаласында өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесіне ие болды. Бүгінгі күнге дейін ол екі театр мен 2015 жылы өзі ашқан Қаракемер балалар театрын (Еңбекшіқазақ ауданы) алға сүйреп келді. "Қарадала" театры - қазақ пен ұйғыр халқының өнерпаздары бас қоса жұмыс істеп жатқан ерекше театр. Театр репертуарында екі ұлттың да қоғам, әдебиет қайраткерлері туралы қойылымдар бар. "Қаракемер" балалар театры - облыстағы балаларға арналған жалғыз театр.Асқар Наймантаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесін жеңіп алды. Бірнеше кітап пен аудармалардың авторы.Поэзия әлемі ақтаңдағынан айырылған жылАқын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері Несіпбек Айтұлы да биыл өмірден озды. Бар өмірін әдебиет әлеміне арнаған ақын "Балдырған" журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Қазақ әдебиеті" газетінде сын бөлімінің, "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды."Философ Нысанбаев" дүниеден өттіТалай ғалымның болашағына жол ашқан Әбдімәлік Нысанбаев 2023 жылы бұл фәнимен қош айтысты. Әбдімәлік Нысанбаев – ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеуметтік және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады.Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Еңбектері 25 шет тілінде жарық көрген. Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның және Түркияның мемлекеттік сыйлықтарын алған. "Отан", "Парасат" ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Ол туралы 2005 жылы "Философ Нысанбаев" атты деректі фильм жарық көрді."Алтын адамды" тапқан ғалым өмірден оздыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, белгілі ғалым, танымал археолог, этнолог, Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықтың лауреаты, Өнер академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы Әбдеш Төлеубаев биыл өмірден озды.Ғалым өз өмірін қазақ даласындағы құндылықтарды зерттеуге арнады. Әбдеш Төлеубаевтың соңғы жылдары ғылымға қосқан ерекше бір үлесі – Шілікті "Алтын адамының" киімін, бүкіл салтанатын қалпына келтіруі болды. Ғалым көптеген ғылыми жобаларды басқарды.Ол – отандық ғылымның өзекті мәселелеріне батыл көзқарасын танытқан ғалым. Ол елімізде көптеген археолог пен этнолог мамандарды тәрбиелеп, археология саласы бойынша ғылыми мектеп ашты. Төлеубаев тек Қазақстанға емес, бүкіл әлемге танымал ғалым-археолог.Қазақстан археологиясы және қазақ халқының этнографиясы бойынша 8 монография, Қазақстан тарихынан орта мектепке арналған үш оқулық, 200-ден аса ғылыми мақаланың авторы. Ол Шығыс Қазақстанда қола, ерте темір дәуірінің бұрын белгісіз 400-ден астам археологиялық кешенін ашты, оның 60-тан астамын қазып зерттеді. Төлеубаевтың соңғы кездегі археологиялық зерттеулерінің ең үлкен жетістігі – Шілікті жазығынан табылған алтын киімді сақ патшасы. Археолог ғалым осы мүрдені ашып, құнды жәдігерлерді алып шықты.
https://sputnik.kz/20230611/almatyda-berdibek-saparbaev-aqtyq-sapar-shygaryp-saldy-foto-35836053.html
https://sputnik.kz/20231125/aqzhol-meyirbekov-dunieden-otti-40434346.html
https://sputnik.kz/20231016/prezident-aqyn-nesipbek-aytulynyn-otbasyna-konil-aytty-39377343.html
https://sputnik.kz/20221231/kelmeske-ketkender-biyl-omirden-ozgan-qazaqtyn-birtuar-tulgalary-30578083.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0b/35836293_74:0:1207:850_1920x0_80_0_0_ed22780d3ff70756ef87bb7fd1fc684f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023 жылы қайтыс болған тұлғалар умершие знаменитости в 2023 году саяси тұлғалар қайраткерлер өнер адамдары әншілер бердібек сапарбаев, асқар наймантаев, ақжол мейірбеков несіпбек айтұлы өмірден өтті дүниеден өтті өмірден озды
2023 жылы қайтыс болған тұлғалар умершие знаменитости в 2023 году саяси тұлғалар қайраткерлер өнер адамдары әншілер бердібек сапарбаев, асқар наймантаев, ақжол мейірбеков несіпбек айтұлы өмірден өтті дүниеден өтті өмірден озды
Өлмейтұғын артына із қалдырған: 2023 жылы өмірден озған тұлғалар
2023 жылы қазақ елі бірқатар айтулы тұлғасынан айрылды. Олар – саясатта, өнерде, әдебиет әлемінде тер төгіп, елі үшін еңбек еткендер. Келмеске кеткен тұлғаларымызды еске алуды жөн көрдік.
Биыл саясаткер, мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев қайтыс болды. Ол бірнеше министрлікте қызмет етіп, бірнеше облыста әкім болды. Халық арасында "мәселесі көп облысқа Мәшбекұлын жібереді" деген пікір қалыптасқан еді. Өйткені шешімі күрделі жағдай туындаған аймақтарды Бердібек Сапарбаев басқарды. Басқа әкімдерден ерекшелігі кабинетінде отырмайтындығы болды. Бір ғана мысал, іс-сапармен бір ауданға барамын деп айтып, басқа ауданды аралайтын. Оның қай мекемені аралап, қай елді мекенді тексеретінін,тіпті, көмекшісі де білмейтін. Өйткені әкім келгенде жасалып қоятын жалған жағдайға жаны қас еді. Бердібек Сапарбаев - тәуелсіз Қазақстан тарихында бес облысты басқарған жалғыз әкім.
Бердібек Сапарбаев –1995 жылы шыққан "Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы", 1996 жылы жарық көрген "Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі" және 2003 жылғы "ҚР Кеден кодексі" кітаптарының авторы. Сондай-ақ ҚР Кеден кодексіне түсініктеменің авторы.
2023 жылы қараша айында танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден озды. Сахна төрінде әндерімен тыңдарманды тербетіп өткен дара тұлға өзінің еңбек жолын әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамблінен бастаған. Ол сондай-ақ "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салды. 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. 2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды. 2010 жылдан қайтадан "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі болды.
"Дос-Мұқасан" ансамблінде ол "Назқоңыр", "Ахау бикем", "Он алты қыз", "Сұлу қыз" сияқты халық композиторларының және қазіргі композиторлардың әндерін орындады. Ақжол Мейірбековке 1994 жылы "ҚР Еңбек сіңірген әртісі" атағы берілді. 2011 жылы "Құрмет орденімен" марапатталды.
Қазақ өнерінің тағы бір жұлдызы ағып түсті
Биыл танымал актер Асқар Наймантаевпен мәңгілікке хош айтыстық. "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болған Наймантаев ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етті. Ол көптеген туындының сценарисі. Бірнеше фильмнің авторы. Еңбек ете жүріп, жас ұрпақты өнерге баулу үшін мектептер ашқан.
Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында "Хантәңірі" және "Қарадала" театрларын ашты. Екі театр ашыла сала Германияның Франкфурт на Майне қаласында өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесіне ие болды. Бүгінгі күнге дейін ол екі театр мен 2015 жылы өзі ашқан Қаракемер балалар театрын (Еңбекшіқазақ ауданы) алға сүйреп келді. "Қарадала" театры - қазақ пен ұйғыр халқының өнерпаздары бас қоса жұмыс істеп жатқан ерекше театр. Театр репертуарында екі ұлттың да қоғам, әдебиет қайраткерлері туралы қойылымдар бар. "Қаракемер" балалар театры - облыстағы балаларға арналған жалғыз театр.
Асқар Наймантаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесін жеңіп алды. Бірнеше кітап пен аудармалардың авторы.
Поэзия әлемі ақтаңдағынан айырылған жыл
Ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері Несіпбек Айтұлы да биыл өмірден озды. Бар өмірін әдебиет әлеміне арнаған ақын "Балдырған" журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Қазақ әдебиеті" газетінде сын бөлімінің, "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
"Философ Нысанбаев" дүниеден өтті
Талай ғалымның болашағына жол ашқан Әбдімәлік Нысанбаев 2023 жылы бұл фәнимен қош айтысты. Әбдімәлік Нысанбаев – ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеуметтік және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады.
Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Еңбектері 25 шет тілінде жарық көрген. Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның және Түркияның мемлекеттік сыйлықтарын алған. "Отан", "Парасат" ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Ол туралы 2005 жылы "Философ Нысанбаев" атты деректі фильм жарық көрді.
"Алтын адамды" тапқан ғалым өмірден озды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, белгілі ғалым, танымал археолог, этнолог, Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықтың лауреаты, Өнер академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы Әбдеш Төлеубаев биыл өмірден озды.
Ғалым өз өмірін қазақ даласындағы құндылықтарды зерттеуге арнады. Әбдеш Төлеубаевтың соңғы жылдары ғылымға қосқан ерекше бір үлесі – Шілікті "Алтын адамының" киімін, бүкіл салтанатын қалпына келтіруі болды. Ғалым көптеген ғылыми жобаларды басқарды.Ол – отандық ғылымның өзекті мәселелеріне батыл көзқарасын танытқан ғалым. Ол елімізде көптеген археолог пен этнолог мамандарды тәрбиелеп, археология саласы бойынша ғылыми мектеп ашты. Төлеубаев тек Қазақстанға емес, бүкіл әлемге танымал ғалым-археолог.
Қазақстан археологиясы және қазақ халқының этнографиясы бойынша 8 монография, Қазақстан тарихынан орта мектепке арналған үш оқулық, 200-ден аса ғылыми мақаланың авторы. Ол Шығыс Қазақстанда қола, ерте темір дәуірінің бұрын белгісіз 400-ден астам археологиялық кешенін ашты, оның 60-тан астамын қазып зерттеді. Төлеубаевтың соңғы кездегі археологиялық зерттеулерінің ең үлкен жетістігі – Шілікті жазығынан табылған алтын киімді сақ патшасы. Археолог ғалым осы мүрдені ашып, құнды жәдігерлерді алып шықты.