https://sputnik.kz/20221231/kelmeske-ketkender-biyl-omirden-ozgan-qazaqtyn-birtuar-tulgalary-30578083.html
Келмеске кеткендер: биыл өмірден озған қазақтың біртуар тұлғалары
Келмеске кеткендер: биыл өмірден озған қазақтың біртуар тұлғалары
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы қазақ халқының маңдайына біткен шоқ жұлдыздары бұл фәнимен қош айтысты. Ұлттың ұлылығын ұлықтап өткен біртуар... 31.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-31T19:01+0500
2022-12-31T19:01+0500
2022-12-31T19:01+0500
жазушы
ақын
әбдіжәміл нұрпейісов
болат аюханов
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/02/07/22580387_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_3d04776b580c8d9f627c20d0a8d10a8e.jpg
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы қазақ халқының маңдайына біткен шоқ жұлдыздары бұл фәнимен қош айтысты. Ұлттың ұлылығын ұлықтап өткен біртуар азаматтарды Sputnik Қазақстан еске алады.Қазақ әдебиеті қара жамылдыБарыс жылы атақты жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өттіКлассик жазушы, атақты "Қан мен тер" трилогиясының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов 98 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Әбдіжәміл Нұрпейісов сұрапыл соғысты бастан кешіп, елге оралған соң қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты. Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. "Қан мен тер" трилогиясы, "Соңғы парыз" дилогиясы сияқты туындылары сыншылар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды.Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді.Жазушының "Қан мен тер" романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды.Заман жүгін көтерген романдары әлемнің көптеген тіліне аударылды. Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. “Меніңше, ол – қазақ топырағына көшірілген орыс классикалық роман дәстүрін жалғастырушы. Белгілі бір дәрежеде мен Нұрпейісовті Лев Толстоймен салыстырар едім” – деп франциялық жазушы Лили Дени баға берсе, германиялық тұлға Леонгард Кошут "Сенің романыңа арқау болған (“Соңғы парыз”) проблемалар –әлемдік маңызы бар проблемалар”, - деген екен.Әбдіжәміл Нұрпейісов Чеховтың, Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болған үш қазақтың бірі. Одан бөлек бұл сыйлықты Мұхтар Әуезов пен Жұбан Молдағалиев алған.Сіз жүрген жер әзіл еді, Көпен аға!Тоғызыншы қарашада белгілі сатирик Көпен Әмірбек 73 жасына қараған шағында өмірден өтті. Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған. Ол "Қымызхана", "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысал-мысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін қазақ тіліне аударды. "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Мың бір мысал", "Ауызбастырық", "Өзіңді танисың ба?", "Көпен келе жатыр!...", "Із", "Көкемнің көзі", "Па, шіркін, пародия!.." атты әзіл-сықақ, сыни мақалалар кітабының авторы.Көпен Әмірбеков Президент гранты мен "Парасат" орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.Қазақ балетінің аңызы өмірден өттіБалет әртісі әрі хореограф, Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болды. Болат Аюханов - өнертану профессоры, "Менің балетім", "Сезім биографиясы", "Балет витражы" кітаптарының авторы.1957 жылдан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет әртісі болып қызмет етті. 1964 жылдан бастап балетмейстер болды. 1975 жылдан Қазақстан классикалық би Ансамблінің көркемдік жетекшісі, балет солисі. Ал 1976 жылдан Қазақстан классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, директоры. 2003 жылдан Қазақстан мемлекеттік академиялық би театрының директоры қызметін атқарды.Болат Аюханов "Болеро", "Қазақ сувенирі", "Батырлар", "Қыз Жібек", "Гамлет", "Кармен-сюита", "Шыңғысхан" және басқа қойылымдарға қатысты. "Біздің жеріміздің байлығы" ("Свердловскфильм", 1960), "Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық", "Түнектің әміршісі", "Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы", "Қайсар", "Мадам Вонг қазынасы", "Несібелі", "Репетиция", "ІІІабыт" кинофильмдеріне түскен.30 балет, 150 концерттік номер шығарған. ҚР мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы. ҚР Халық әртісі "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. "Платиналық Тарлан", "Алтын Адам" сыйлықтарының лауреаты.Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырадыБиыл әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов өмірден өтті. Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарық көрген. Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақалала және 9 кітаптың авторы.Сәуір айында белгілі археолог ғалым Виктор Зайберт 75 жасында қайтыс болды. Виктор Зайберт саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.Виктор Зайберттің есімі археологиялық ортада тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңінен танымал. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша 100-ден астам кітап пен мақаланың авторы. Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде дәріс оқыды. ІІ дәрежелі "Достық" (2017), "Парасат" (2021) ордендерімен марапатталған.Виктор Зайберт өзін "Қазақ халқының неміс ұлы" деп атаған ғалым. Ол артына құнды ғылыми мұра қалдырды. Сондай-ақ биыл танымал тарихшы ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті. Ол 19 мамырда ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Әнуар Ғалиев өмірін тарихты зерттеуге, оның ішінде этносемиотиканы зерттеуге арнаған ғалым. Айта кетейік, Әнуар Ғалиев 1959 жылдың 10 тамызында Шымкентте дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. "Нағыз ғалым, зиялы, зерек адам еді. Өмірінің соңғы жылдарында тарих пәнінен сабақ берді. Ол өте жақсы дәріскер болды, халықаралық конференцияларға қатысты. Көптеген мақалалар мен монографиялардың авторы", - дейді ғалымның досы Нұрлан Хамиев.Ол Әнуар Ғалиевтің Қазақстаннан гөрі шетелде танымал болғанын атап өтті.Оның монографиялары мен мақалалары әлемнің 25 елінде жарияланған. Оның бірқатар жарияланымдары Thomson Reuters және SCOPUS деректер базасында индекстелген. Ол жастарға арналған тарих бойынша бірқатар көркем кітаптардың авторы болды.Өнер саласы ойсырап қалдыҚазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек өмірден өтті.Аралбай Төлеубек 1950 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты В.Мейерхольдтің шәкірті, репрессияға ұшырап, Семейге айдалып келген режиссер И.Вишневский болды.1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Р.Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы рөлі О.Бөкеевтің "Құлыным менің" драмасындағы жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды.Танымал халық ақыны өмірден өттіҚазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл көз жұмды.Қонысбай Әбіл 1954 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының "Көкалат" ауылында өмірге келді. Көп жылдар Торғай облысында "Торғай таңы" газеті редакторының орынбасары, қалалық "Арқалық таңы" газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы секілді бірқатар жауапты қызметтер атқарды. Оның "Бастау", "Көршілер", "Алаңғасар", "Қонысбайдың қалжыңдары" сынды бірқатар шығармасы оқырманның жүрегінен жол тапты.Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы "Қазақстанның халық ақыны" атағына ие болды. "Астана" медалі, "Парасат" ордені, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының "Ана тілі" медалінің иегері және Торғай қаласының құрметті азаматы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/07/22580387_17:0:2748:2048_1920x0_80_0_0_9cfbeafc5bfdce4a92dbd8ddee0e4ee7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
жазушы, ақын, әбдіжәміл нұрпейісов, болат аюханов
жазушы, ақын, әбдіжәміл нұрпейісов, болат аюханов
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы қазақ халқының маңдайына біткен шоқ жұлдыздары бұл фәнимен қош айтысты. Ұлттың ұлылығын ұлықтап өткен біртуар азаматтарды
Sputnik Қазақстан еске алады.
Қазақ әдебиеті қара жамылды
Барыс жылы атақты жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден өтті
Классик жазушы, атақты "Қан мен тер" трилогиясының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов 98 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Әбдіжәміл Нұрпейісов сұрапыл соғысты бастан кешіп, елге оралған соң қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты. Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. "Қан мен тер" трилогиясы, "Соңғы парыз" дилогиясы сияқты туындылары сыншылар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды.
Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді.
Жазушының "Қан мен тер" романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды.
Заман жүгін көтерген романдары әлемнің көптеген тіліне аударылды. Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор.
“Меніңше, ол – қазақ топырағына көшірілген орыс классикалық роман дәстүрін жалғастырушы. Белгілі бір дәрежеде мен Нұрпейісовті Лев Толстоймен салыстырар едім” – деп франциялық жазушы Лили Дени баға берсе, германиялық тұлға Леонгард Кошут "Сенің романыңа арқау болған (“Соңғы парыз”) проблемалар –әлемдік маңызы бар проблемалар”, - деген екен.
Әбдіжәміл Нұрпейісов Чеховтың, Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болған үш қазақтың бірі. Одан бөлек бұл сыйлықты Мұхтар Әуезов пен Жұбан Молдағалиев алған.
Сіз жүрген жер әзіл еді, Көпен аға!
Тоғызыншы қарашада белгілі сатирик Көпен Әмірбек 73 жасына қараған шағында өмірден өтті.
Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған. Ол "Қымызхана", "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды.
Орыс әдебиетінің классиктері И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысал-мысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңдерін қазақ тіліне аударды. "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Мың бір мысал", "Ауызбастырық", "Өзіңді танисың ба?", "Көпен келе жатыр!...", "Із", "Көкемнің көзі", "Па, шіркін, пародия!.." атты әзіл-сықақ, сыни мақалалар кітабының авторы.
Көпен Әмірбеков Президент гранты мен "Парасат" орденінің иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.
Қазақ балетінің аңызы өмірден өтті
Балет әртісі әрі хореограф, Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болды.
Болат Аюханов - өнертану профессоры, "Менің балетім", "Сезім биографиясы", "Балет витражы" кітаптарының авторы.
1957 жылдан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет әртісі болып қызмет етті. 1964 жылдан бастап балетмейстер болды. 1975 жылдан Қазақстан классикалық би Ансамблінің көркемдік жетекшісі, балет солисі. Ал 1976 жылдан Қазақстан классикалық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, директоры. 2003 жылдан Қазақстан мемлекеттік академиялық би театрының директоры қызметін атқарды.
Болат Аюханов "Болеро", "Қазақ сувенирі", "Батырлар", "Қыз Жібек", "Гамлет", "Кармен-сюита", "Шыңғысхан" және басқа қойылымдарға қатысты. "Біздің жеріміздің байлығы" ("Свердловскфильм", 1960), "Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық", "Түнектің әміршісі", "Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы", "Қайсар", "Мадам Вонг қазынасы", "Несібелі", "Репетиция", "ІІІабыт" кинофильмдеріне түскен.
30 балет, 150 концерттік номер шығарған. ҚР мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы. ҚР Халық әртісі "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. "Платиналық Тарлан", "Алтын Адам" сыйлықтарының лауреаты.
Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады
Биыл әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов өмірден өтті.
Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарық көрген. Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақалала және 9 кітаптың авторы.
Сәуір айында белгілі археолог ғалым Виктор Зайберт 75 жасында қайтыс болды.
Виктор Зайберт саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.
Виктор Зайберттің есімі археологиялық ортада тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңінен танымал. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша 100-ден астам кітап пен мақаланың авторы. Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде дәріс оқыды. ІІ дәрежелі "Достық" (2017), "Парасат" (2021) ордендерімен марапатталған.
Виктор Зайберт өзін "Қазақ халқының неміс ұлы" деп атаған ғалым. Ол артына құнды ғылыми мұра қалдырды.
Сондай-ақ биыл танымал тарихшы ғалым Әнуар Ғалиев өмірден өтті. Ол 19 мамырда ұзақ аурудан кейін қайтыс болды. Әнуар Ғалиев өмірін тарихты зерттеуге, оның ішінде этносемиотиканы зерттеуге арнаған ғалым. Айта кетейік, Әнуар Ғалиев 1959 жылдың 10 тамызында Шымкентте дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы, профессор.
"Нағыз ғалым, зиялы, зерек адам еді. Өмірінің соңғы жылдарында тарих пәнінен сабақ берді. Ол өте жақсы дәріскер болды, халықаралық конференцияларға қатысты. Көптеген мақалалар мен монографиялардың авторы", - дейді ғалымның досы Нұрлан Хамиев.
Ол Әнуар Ғалиевтің Қазақстаннан гөрі шетелде танымал болғанын атап өтті.
Оның монографиялары мен мақалалары әлемнің 25 елінде жарияланған. Оның бірқатар жарияланымдары Thomson Reuters және SCOPUS деректер базасында индекстелген. Ол жастарға арналған тарих бойынша бірқатар көркем кітаптардың авторы болды.
Өнер саласы ойсырап қалды
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек өмірден өтті.
Аралбай Төлеубек 1950 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты В.Мейерхольдтің шәкірті, репрессияға ұшырап, Семейге айдалып келген режиссер И.Вишневский болды.
1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Р.Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы рөлі О.Бөкеевтің "Құлыным менің" драмасындағы жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды.
Танымал халық ақыны өмірден өтті
Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл көз жұмды.
Қонысбай Әбіл 1954 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының "Көкалат" ауылында өмірге келді. Көп жылдар Торғай облысында "Торғай таңы" газеті редакторының орынбасары, қалалық "Арқалық таңы" газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы секілді бірқатар жауапты қызметтер атқарды.
Оның "Бастау", "Көршілер", "Алаңғасар", "Қонысбайдың қалжыңдары" сынды бірқатар шығармасы оқырманның жүрегінен жол тапты.
Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы "Қазақстанның халық ақыны" атағына ие болды. "Астана" медалі, "Парасат" ордені, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының "Ана тілі" медалінің иегері және Торғай қаласының құрметті азаматы.