https://sputnik.kz/20230611/almatyda-berdibek-saparbaev-aqtyq-sapar-shygaryp-saldy-foto-35836053.html
Алматыда Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды – фото
Алматыда Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды – фото
Sputnik Қазақстан
Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.
2023-06-11T11:17+0500
2023-06-11T11:17+0500
2023-06-11T11:17+0500
қоғам
бердібек сапарбаев
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0b/35835814_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_2cf31a9bda712cc71dea5712327b18b4.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті. Шараға премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты.Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп жатыр. Белгілі отандасымен қоштасуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, үкімет мүшелері, облыс әкімдері, парламент депутаттары, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері келді.Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды."Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыройлы атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын үлкен біліктілікпен жүргізе біліп, Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", — делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.Премьер-министр де үкімет мүшелері және өзінің атынан көңіл айтты.Саяси қызметтерде жүрген кезінде Бердібек Сапарбаев республиканың бірқатар өңірін басқарды – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімі болды. Сонымен қатар ол екі рет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.
https://sputnik.kz/20230610/berdibek-saparbaev-omirden-otti-35820431.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0b/35835814_362:0:1802:1080_1920x0_80_0_0_5a2f047956c5cdb1b13bf1f47ed72eab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы бердібек сапарбаев ақтық сапар
алматы бердібек сапарбаев ақтық сапар
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті. Шараға премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты.
Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп жатыр. Белгілі отандасымен қоштасуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, үкімет мүшелері, облыс әкімдері, парламент депутаттары, мәдениет, спорт және басқа да салалардың өкілдері келді.
Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.
"Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыройлы атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын үлкен біліктілікпен жүргізе біліп, Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", — делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.
Премьер-министр де үкімет мүшелері және өзінің атынан көңіл айтты.
Саяси қызметтерде жүрген кезінде Бердібек Сапарбаев республиканың бірқатар өңірін басқарды – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімі болды. Сонымен қатар ол екі рет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.