Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

© Photo : Сәкен Майғазиевтің желідегі парақшасыАқжол Мейірбеков
Ақжол Мейірбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. "Дос-Мұқасан" тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Сәкен Майғазиев жеткізді.
Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде қазіргі Түркістан облысындағы Арыс қаласында дүниеге келген.
1978-1985 жылдары "Дос-Мұқасан" ансамблінің құрамында әнші болды.
1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде ән салды.
1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.
2001 жылы "Ақжол" ән-театрын құрды.
2010 жылдан қайтадан "Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі болды.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет ордені және Ерен еңбегі үшін медалінің иегері атанды.
Жаңалықтар
0