Дерекқор

Қасым хан туралы қызықты деректер

© PhotoҚасым хан
Қасым хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
Қасым хан – Қазақ хандығының төртінші ханы. Елді он жылдай басқарды
Осы уақыттың ішінде Қазақ хандығының саяси беделі күшейіп қана қана қоймай, жері де кеңейе түсті. Sputnik Қазақстан Қасым ханға қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Қасым ханның шығу тегі

Қасым – Жәнібек ханның ортаншы ұлы. Ол шамамен 1445 жылы дүниеге келген. Бала кезінен әкесі мен оның немере ағасы Керейдің ерлік істерін көріп өскен. Жәнібек ханнан 9 ұл тараған. Олар: Иренші(Жиренше), Махмұд, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Таныш, Өснак (Осак,Ұзақ) және Жадық.
Қасым ханның аталарының бәрі өздері өмір сүрген жылдарында Дешті Қыпшақта хандық билік құрған. Орыс хан 1361-1376/1377 жылдары Ақ Ордада хан болған. Ал оның ұлы – Қойыршақ ХІVғасыр соңында аз уақыт болса да, Жошы ұлысын басқарды. Қасым ханның атасы - Барақ хан 1420/1421 жылы Мауереннахр билеушісі Ұлығбектен көмек алып, Алтын Орда тағы үшін күрескен. 1424/1425 жылы ол Ұлығ-Мұхаммедті жеңіп, Алтын Орда тағына келеді. Ал үш жылдан кейін қайтыс болған.
Қасым ханның өміріне байланысты мәліметтер 1470-ші жылдарға дейін, яғни Қазақ хандығының күшею кезеңіне дейін ешбір дерек мәліметтерінде кездеспейді. ХV ғасырдың 70-ші жылдарының бірінші жартысында Шайбани ханның маңғыт мырзаларымен одақтасып, Қазақ хандығына қарсы күресін баяндайтын деректерде алғаш рет Қасым сұлтан есімі аталады. "Шайбани-нама" авторы осы жылдардағы Қасым ханның өмірі туралы: "Бұрындық хан әскері ішіндегі атақты баһадүр және белгілі сұлтанның бірі" деп сипаттама береді.
Керей-Жәнібек хандар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
Дерекқор
Қазақтың тұңғыш ханы Керей хан туралы қызықты деректер

Қасым сұлтан – қазақ әскерінің қолбасшысы

Жәнібектен кейін таққа Керейдің ұлы Бұрындық хан отырғанда Қасым сұлтан қазақ әскерінің қолбасшысы болды. Ол үнемі Бұрындық ханның қасында жүрді. Оған бағынып, барлық тапсырмасын орындады. Осының арқасында хандықтың саяси және әскери күші мықты болды.
Қасым сұлтан Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене атсалысты. Сол кездің өзінде оны "белгілі сұлтан және атақты баһадүр" деп атаған. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етті.
XV ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Ол қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. Ал Мұхаммед Шайбани хан Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болғаннан кейін 1506 – 10 жылдары қазақтарға үздіксіз төрт рет жорық ұйымдастырады. Сол кезде Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына қарсы шықпайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары – Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті, 1509 жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұның бәрі Бұрындық ханды бедел-абыройдан жұрдай етті. Елді ортақ жауға, яғни өзінің күйеу баласына және жекжаттарына қарсы белсенді күрес ұйымдастыра алмаған оны халық мүлде естен шығарып, енді соғыстарда қолбасшылық ерекше дарынымен және жаужүректігімен көзге түсіп жүрген Әз Жәнібектің ұлы Қасым сұлтанның төңірегіне топтаса бастады.
Жазба деректерде Қасым сұлтан "хандық билікте болмаса да, беделі ханнан да күшті болды" деп жазылған. Сұлтан өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді.
Керей-Жәнібек хандар - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Дерекқор
Қазақтың екінші ханы Жәнібек хан туралы не білеміз

Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасындағы қайшылықтар

XVғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізінде Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде мауереннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті, негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады.
Сонымен бірге Бұрындық хан одақтастықты тереңдету үшін өзінің үш бірдей аяулы қыздарын шайбанилік сұлтандарға тұрмысқа береді. Олардың біреуі Мұхаммед Шайбанидің өзіне тисе, екіншісі – оның інісіне, ал үшіншісі – Мұхаммед Шайбанидің баласы Темір сұлтанға тұрмысқа шығады. Осыдан кейін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани қазақтармен жауласуды уақытша тоқтатады.
Жәнібек ханның ұлдары мұндай одақтастыққа қарсы болады. Олар Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір-біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы — оның беделінің құлдырауының басы болды. Ақыры ол төрт ұлынан да қолдау таппай, Самарқандта тұратын кенжесі Михр Сұлтан ханымның қолына көшіп барды. Ал қайтыс болған соң көп мұсылманның бірі болып, ешбір қошеметсіз, Үргеніш маңындағы қабірге жерленді.
Бұрындық хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2023
Дерекқор
Қазақтың үшінші ханы – Бұрындық хан туралы қызықты деректер

Қасым ханның билікке келуі

1510 жылы Мұхаммед Шайбани ханның соңғы – төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасымның ұлысына бағытталды. Сұлтан басқарған әскер жаудың тас-талқанын шығарды, Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен кейін халық Бұрындық ханды мүлдем ұмытты. Барлығы Қасым ханды қолдайды. Содан сұлтан хандық билікке өзі отырады.
Шайбани ханның өлімінен кейін осы әулеттегі сұлтандар арасында бірден бірлік орнай қоймады. Мұндай жағдайды тез түсінген Бабыр Кабулдан шығып, Мауереннахрға аттанады. 1511 жылдың күзінде ол Исмаил шахтың көмегімен Мауереннахрта 6-7 айға созылған билігін орнатады. Ал өз адамдарын әкім етіп тағайындайды. Мысалы, Мауереннахртың Түркістандағы иелігі Сайрам қаласында Қаттабекті, ал Ташкентке оның ағасы Мір-Ахмед Қасымды отырғызады.
1512 жылдың көктемінде шибанилық сұлтандар бірігіп, Бабырды Мауереннахртан қуып шығады. Оның әкімдерінің бірі билеушімен бірге кетсе, бірі шибанилықтарға беріледі, ал кейбіреулері шибанилықтарға қарсылық көрсетеді. Олардың ішінде Ташкент пен Сайрамдағы билеушілер де бар. Шибанилар әскері Ташкентті қоршауға алғанда, қала әкімі Мір-Ахмед Қасым бір түнде қоршауды бұзып өтіп, Бабырға барып қосылады. Ал оның Сайрамдағы інісі Қаттабек 1512-1513 жылдың көктемінде Жетісудағы Қаратал деген қыстауынан жайлауға көшуге дайындалып жатқан Қасым ханға адамдар жіберіп, оның қалаға келуін өтінеді және қала кілтін ұсынады. Қасым хан бұл өтінішті қабыл алып, Ианги қаласы бағытында жүреді де, Сайрамға келеді.
Сайрам әкімі қаланы Қасым ханға бере отырып, оны Ташкентке жорыққа шығуға көндіреді. Ол кезде Ташкент шибанилық Сүйініш қожа ханның қолына көшкен еді. Қасым хан көп әскермен Ташкентке аттанады.
Әбілқайыр хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Дерекқор
Кіші жүздің ханы Әбілқайыр хан туралы қызықты деректер

Қасым ханның Ташкентке жасаған жорығы

Қасым хан Ташкентті алу арқылы, біріншіден, Қазақ хандығының билігін Моғолстанның отырықшы аймағына таратуды көздеді. Екіншіден, қайтадан күшейе бастаған шибанилық сұлтандарды әлсірету керек болды. Сондай-ақ, Ташкентті алу арқылы алғаш рет толығымен қосылып отырған Түркістан аймағының оңтүстік шекарасын нығайтуға болар еді.
Қазақ ханының әскері Ташкентке аттанды. Бірақ Қасым хан қаланы ала алмай, Сайрам өңіріне қайта оралады. 1513 жылғы жорық сәтсіз болғанымен оның Қазақ хандығының саяси жағдайына тигізген әсері онша болмады. Осы жылдары Қазақ хандығы Дешті Қыпшақ пен Мауереннахртағы бірден бір күшті мемлекеттердің бірі болып қала берді. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: "дәл осы жылдары Қасым ханда 300 мың әскері болды", - деп жазады.
Сол жылы жазда Шу бойындағы Қасым хан ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Ол да Ташкентке жорық жасауды ұсынады. "Тарих-и Рашиди" еңбегінде сол кездегі оқиғалар былай баяндалады: "Қасым хан жасының ұлғаюына байланысты ханды қарсы алуға шыға алмады. Қалған сұлтандарға, ішінде бірнешеуі: Жаныш хан, Таныш хан (деректе Биниш хан – автор), Мамаш хан, Жан Хайдар сұлтан, Қарыш сұлтан және басқалары 50-60 жаста болды, жалпы саны Жошы ұрпағының 30-40 сұлтанына ханды қарсы алуға бұйырды". Қасым ханның төңірегінде осыншама сұлтанның жиналып, оның бұйрығына көнуі оның билігінің Дешті Қыпшаққа кең тарағанын, ал, ең бастысы, Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақты болғандығын көрсетеді.
Қасым хан Ташкентке тағы жорық жасау ұсынысына дипломат жолмен жауап береді. Сонда Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады.
Абылай хан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Дерекқор
Абылай хан туралы қызықты деректер

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы

1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, Қазақ хандығының шекарасы Еділге дейін жетеді.
Қасымның негізгі жетістіктері:
Қазақ әскерінің саны 200 мың, ал кейбір деректер бойынша 300 мыңға жетті;
Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды;
Қазақ хандығы Қырым мен Астрахан хандықтарымен қарым-қатынастар орнатты;
Қасым ханның билігі тұсында Қазақ хандығы бұрынғы Жошы және Шағатай ұлыстары аумағындағы ең қуатты мемлекетке айналды.
Памятник Кенесары хану в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2023
Дерекқор
Кенесары Қасымұлы – қазақтың соңғы ханы

Қасым ханның қасқа жолы

Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйенген. Ал өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, қазылық билік және тағы басқа талаптар бар. Қасым хан ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық "жарғыны" жаңғыртып күшейтті. Бұл заңның жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталды.
"Қасқа жолдың" қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді болған. Бұл заңға енген ережелер:
мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы)
қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу)
әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат) елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері)
"Қасқа жолдың" қағидалары өзгерссіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598 – 1645 жылдары) "Есім ханның ескі жолы" деген жаңа атқа ие болды. Тәуке ханның тұсында (1680 – 1708 жылдары) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтаған көрінеді.
Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Дерекқор
Амангелді Иманов алашордашылармен неге келіспей қалды

Қасым хан туралы деректер

Қасым хан туралы Бабыр: "Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының бірде бірі бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның әскерінде 300 мыңға жуық адам бар еді" деп жазса, Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: "Ол Дешті Қыпшаққа билігін таратты. Оның әскерінде миллионнан аса адам болды. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл осындай күшті хан болған жоқ", - деп мәлімет береді.
Қадырғали Жалайыр: "Олардың арасында (Жәнібек хан ұлдары арасында – автор) аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты. Оның хикаялары әр жерде кездеседі, көпке мәлім-мәшһүр", - дейді. Махмұд бен Уәли болса, "Қасым хан Дешті Қыпшақ аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әскерінде 200 мыңнан аса адам болды" деп баяндайды.
XVI ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ хандығы батыста Астрахань хандығымен шектесіп, Қырым хандығына елшіліктер жібереді. Бұрынғы Жошы ұлысының аумағында Қазақ хандығының күшеюі, Алтын Орда езгісінен енді құтылған, бірақ оның салдары әлі де болса Мәскеу билеушілерінің жадында сақталғандықтан өте қорқынышты еді. Содан Мәскеуде Қасым хан туралы, Қазақ хандығы және қазақтар туралы мәліметтер арнайы жинақталды.
Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болған. Денесі Сарайшықта жерленген. Қасым ханның соңғы 3-4 жыл өмірі Еділ-Жайық өзендері аумағында өтеді. Қайтыс болғанда ұлы хан 75-76 жас шамасында болған.
Махамбет Өтемісұлы туралы қызықты деректер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2023
Дерекқор
Махамбет Өтемісұлы туралы қызықты деректер
Жаңалықтар
0