Kaspi банктің бөлімшесіне жасалған шабуыл 12 секундқа созылды – министр

© Sputnik / Санат ИмангалиевФилиал Kaspi на утро после захвата заложников
Филиал Kaspi на утро после захвата заложников - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
Банк қызметкерлерін тұтқынға алған күдіктінің қолында нағыз қару болған
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Kaspi банк бөлімшесіндегі арнайы операцияға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр басқыншының қолында ойыншық емес, нағыз қару болғанын растады.

"Шабуыл 10-12 секундқа созылды. Шабуыл кезінде қолданылған арнайы құралдар адамдарға қауіп төндірмейді, олар қылмыскердің назарын аудару үшін пайдаланылды", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.

Айтуынша, ол басқыншымен телефон арқылы өзі сөйлескен, содан кейін бөлімшеге кіріп, кепілге алынған қызды босатуды өтінген.
"Егер басқыншы тұтқында ұстаған адамдарды өз еркімен жіберіп, полицияға берілсе, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 261-бабы бойынша осындай ескертпе бар", - деп түсіндірді Ахметжанов.
ІІМ басшысының айтуынша, шабуылды бастамас бұрын оқиға орнында интернет пен байланыс бұғатталған.
Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы " Kaspi банк" филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам 7 адамды кепілге алып, бірнеше талап қойды. Тәртіп сақшылары алдымен келіссөз жүргізіп көрді. Ал 16:35-те арнайы жасақ басқыншыға шабуыл жасады. Кепілге алынғандардың барлығы босатылды.
Прокуратураның мәліметіне сәйкес, 30 жастағы Әлихат Мұрадов 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Жамбыл облысының тумасы банктен кредит те алған. Екі рет қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылған.
Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 261-бабы, 2 бөлігі (Адамды кепілге алу) бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Астанада банк бөлімшесін басып алған адам ұсталып, кепілге алынғандар босатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Банктегі операция: ақсаңдап қалған арнайы жасақ қызметкеріне қатысты ақпарат шықты
Жаңалықтар
0