Банктегі операция: ақсаңдап қалған арнайы жасақ қызметкеріне қатысты ақпарат шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАстанада банк бөлімшесін басып алған адам ұсталып, кепілге алынғандар босатылды
Астанада банк бөлімшесін басып алған адам ұсталып, кепілге алынғандар босатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астанадағы банк бөлімшесінде кепілге алынған жеті адамды босатқаннан кейін ақсаңдап жүрген арнайы жасақ қызметкерінің видеосы тарады. Ол басқыншы ұстап тұрған қызды денесімен жапқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, арнайы мамандар алдымен басқыншымен келіссөз жүргізіп көрген. Оған туыстары да қатысты. Бірақ жеті адамды кепілге алған ер адам көнбеді. Сол кезде шабуыл жасауға шешім қабылданды. Тәртіп сақшылары шуыл гранатасын лақтырған. Ал арнайы жасақ бірден банк бөлімшесіне баса көктеп кірді. Сол кезде жасақтың бір қызметкері басқыншы ұстап отырған қызды денесімен жапқан. Ол жарақат алмады.
"Шабуыл жасалды. Басқыншының жанында қыз болды ғой. Арнайы жасақта алдында жүрген қызметкеріміз жүгіріп барып, сол қызды қолынан жұлып алып, өз денесімен жапты. Артынан шұғыл басқа қызметкерлеріміз кіріп, қылмыскерді құрықтады", - деді Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, шабуыл кезінде кепілге алынған қыздар зардап шеккен жоқ. Банк бөлімшесін басып алған 30 жастағы Әлихан Мұрадов 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Жамбыл облысының тумасы банктен кредит те алған. Екі рет қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылған. Осы жолы Мұрадов адамды кепілге алу бабы бойынша жауапқа тартылып отыр. Ондай қылмыс үшін жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Астанадағы банк бөлімшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Астанада банк бөлімшесін басып алған Мұрадов неше жылға сотталады
Жаңалықтар
0