Оқиға

Астанада қаруланған ер адам банк бөлімшесінде адамдарды тұтқында ұстап отыр

© Арман АскаровЗахват заложников в банке в Астане
Захват заложников в банке в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Астанадағы "Керуен" сауда орталығына қарама-қарсы Каспий банкінің бөлімшесінде қаруланған ер адам тұрғындарды кепілге алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Достық көшесіндегі Каспий банктің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қаруланған. Полиция қызметкерлері сол жерде, ер адаммен келіссөздер жүргізуде", - делінген полиция хабарламасында.
Куәгерлердің айтуынша, Достық көшесіндегі банк бөлімшесінің алдындағы жолдар жабылып, аумақты полиция күзетіп жүр.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан тыныштық сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.
Михаил Козачковтың телеграм-арнасындағы ақпарат бойынша, күдікті – 30 жастағы еуропалық ер адам, ол төрт адамды қамап ұстап отыр.
"Егер талаптары орындалмаса, кепілге алынғандардың біріншісін үш сағаттан кейін өлтіремін деп отыр. Талаптар бойынша оның не қалайтыны әзірге белгісіз", - деп жазады телеграм-арна.
Жаңалықтар
0