https://sputnik.kz/20230618/prokuratura-astanadagy-bank-basqynshysy-turaly-tyn-derekter--zhariyalady-36089476.html
Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады
Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Астанадағы банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған қаруланған басқыншы 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы болып шықты... 18.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-18T18:47+0500
2023-06-18T18:47+0500
2023-06-18T19:08+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/06/12/36087524_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_161fb8a8b4856042d2339449669fbadc.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Астанадағы банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған қаруланған басқыншы 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары (Адамды кепілге алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Прокуратураның мәліметінше, жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер тергеу изоляторына қамалды.Тергеу амалдары жүргізілуде.Еске сала кетейік, Достық көшесіндегі Каспий банктің ғимаратында қаруланған ер адам мекемеге келушілермен бірге есікті ішінен құлыптап алған. Ол егер талаптары орындалмаса, кепілге алынғандардың біріншісін үш сағаттан кейін өлтіретінін айтты. Kaspi bank бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ екені туралы мәлімдеме жасады.Кепілге алынғандар полиция шабуылынан кейін босатылды, басқыншы ұсталды. Барлығы аман-есен. Ішкі істер министрінің өзі басқыншымен келіссөздер жүргізіп, күштік операцияны басқарған.Оның айтуынша, шабуыл кезінде полиция шулы жарық гранатасы мен көз жасаурататын газ қолданған.
https://sputnik.kz/20230618/basqynshy-narkodispanserde-esepte-turgan--kaspi-bank-36088915.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/12/36087524_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b81fb5146d8e0b71a83e411c92a43152.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады
18:47 18.06.2023 (жаңартылды: 19:08 18.06.2023) АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Астанадағы банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған қаруланған басқыншы 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары (Адамды кепілге алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Анықталғандай, сағат14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған 1993 жылғы Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан "Kaspi bank" бөлімшесін басып алған", - делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.
Прокуратураның мәліметінше, жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Достық көшесіндегі Каспий банктің ғимаратында қаруланған ер адам мекемеге келушілермен бірге есікті ішінен
құлыптап алған. Ол егер талаптары орындалмаса, кепілге алынғандардың біріншісін үш сағаттан кейін өлтіретінін айтты. Kaspi bank
бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ екені туралы мәлімдеме жасады.
Кепілге алынғандар полиция шабуылынан кейін босатылды,
басқыншы ұсталды. Барлығы аман-есен. Ішкі істер министрінің өзі басқыншымен келіссөздер жүргізіп, күштік операцияны басқарған.
Оның айтуынша, шабуыл кезінде полиция шулы жарық гранатасы мен көз жасаурататын газ қолданған.