Қоғам

Назарбаев қаза тапқан орманшылардың туыстарына көңіл айтты

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты.

"Абай облысындағы ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін", - делінген nazarbayev.kz сайтында жарияланған хабарламада.

Еске салсақ, 8 маусымда "Семей орманы" резерватынан өрт шықты. Аптап ыстықтан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болмады. Салдарынан өрт жылдам таралып, 60 мың гектар аумақты шарпыды.
9 маусымда "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда 10 маусым күні орманшылардың барлығы қаза тапқаны белгілі болды.
10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.
11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына ұшып барып, марқұмдардың жақындарымен кездесті.
Президент 12 маусым – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Нұрлан Ұранхаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Өңірлер
Тоқаев Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады
Жаңалықтар
0