Абай облысында іздестіріліп жатқан орманшылардың барлығы қаза тапты

© пресс-служба 24.kzЛесной пожар в Абайской области
Лесной пожар в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым - Sputnik. Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған.
Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған орман шаруашылығы үш қызметкерінің мәйіті табылған болатын.
Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Соңғы ақпарат бойынша, Абай облысында 9 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылған.

Жетісу және Қарағанды облыстарынан жіберілген күштер мен құралдар өртті сөндіруге кірісті. Ал Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД, Қарағанды мен Алматы облыстарынан ТЖД, 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері, сондай-ақ жылжымалы басқару пункті өрт орнына бара жатыр.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт: түтінге уланған бір адам ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтар
0