Абай облысында тағы да орман өртеніп жатыр

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаПожар в Абайской области
Пожар в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Абай облысындағы "Семей орманы" аумағындағы орманды алқаптан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га аумақта ағаштар жанған.
"Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған. Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды", - дейді ведомстводағылар.
ТЖД хабарлауынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Облыстағы ауа райы 34 градус ыстық, солтүстіктен секундына 2 метр жылдамдықпен жел соғып жатыр.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр дейді төтенше жағдай департаменті.
Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын ғана Абай облысындағы орман өртенген болатын. Тілсіз жау 3500 га аумақ жалмап кетті.
Жаңалықтар
0