https://sputnik.kz/20230611/toqaev-abay-oblysynyn-akimi-nurlan-urankhaevqa-sogis-zhariyalady-35844047.html
Тоқаев Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады
Тоқаев Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 маусым - SputnikТоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады. 11.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-11T17:00+0500
2023-06-11T17:00+0500
2023-06-11T17:09+0500
өңірлер
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/498/65/4986520_0:0:2993:1683_1920x0_80_0_0_9b5bacad911aa473949143575c239835.jpg
АСТАНА, 11 маусым - SputnikТоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.Ол, негізі. мұндай қателік үшін бірден қызметтен босату керек екенін айтты."Он төрт адамнан айырылып қалдық. Бұл не сізге, ойыншық па? Олар қызметтік борышын атқара жүріп қаза тапты. Қазір сіздің міндетіңіз – үкіметпен бірге менің азаматтарға берген барлық уәдемнің орындалуын қадағалау. Сөз бен іс қабысу керек. Иә, мен көңіл айттым. Бірақ адамдарға нақты көмек көрсетілуге тиіс", - деді президент.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді.Ол алда ауқымды жұмыс бар екенін айтты. Жалпы бұл салада түйткілдер, шешілмей жатқан мәселелер аз емес. Қазіргі таңда негізгі міндет – жұмысты сапалы жүргізу, дейді Тоқаев.Президент министрліктің жұмысына да сын айтты."Министрлік, оның басшылары өз қызметтік міндеттеріне селқос қарайды. Не істеу керек екенін білмейді. Шұғыл шешімдер қабылдамайды. Сондықтан осындай апаттар болып отыр", - деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20230611/adam-tagdyryna-mulde-nemqurayly-qarau-bayqaldy-prezident-shtab-35843654.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/498/65/4986520_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_54fb37ea87c531b15ca3fa5137e3f05e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады
17:00 11.06.2023 (жаңартылды: 17:09 11.06.2023) АСТАНА, 11 маусым - SputnikТоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.
"Қателік көп. Шұғыл әрекеттің жетіспеуі, мәселеден сырт қалуыңыз осы апатқа әкелді. Өзіңіз де оқиға орнына кеш жеткеніңізді маған баяндадыңыз. Сондықтан жергілікті атқарушы органның жұмысына көңілім толмайды. Түсінемін, облыс енді құрылды, сіз – жаңа әкімсіз. Осы себепті ғана сізге сөгіс жариялаймын", -деді Тоқаев.
Ол, негізі. мұндай қателік үшін бірден қызметтен босату керек екенін айтты.
"Он төрт адамнан айырылып қалдық. Бұл не сізге, ойыншық па? Олар қызметтік борышын атқара жүріп қаза тапты. Қазір сіздің міндетіңіз – үкіметпен бірге менің азаматтарға берген барлық уәдемнің орындалуын қадағалау. Сөз бен іс қабысу керек. Иә, мен көңіл айттым. Бірақ адамдарға нақты көмек көрсетілуге тиіс", - деді президент.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді.
Ол алда ауқымды жұмыс бар екенін айтты. Жалпы бұл салада түйткілдер, шешілмей жатқан мәселелер аз емес. Қазіргі таңда негізгі міндет – жұмысты сапалы жүргізу, дейді Тоқаев.
Президент министрліктің жұмысына да сын айтты.
"Министрлік, оның басшылары өз қызметтік міндеттеріне селқос қарайды. Не істеу керек екенін білмейді. Шұғыл шешімдер қабылдамайды. Сондықтан осындай апаттар болып отыр", - деді Тоқаев.