https://sputnik.kz/20230611/toqaev-ortengen-orman-alqaby-tikushaq-35839232.html
Тоқаев өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты
Тоқаев өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Ақорда. 11.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-11T12:15+0500
2023-06-11T12:15+0500
2023-06-11T12:16+0500
қасым-жомарт тоқаев
орман өрті
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0b/35838968_43:0:1280:696_1920x0_80_0_0_86fedcf9e4c20e65e85f6fb59f38e828.jpg
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысына төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.Еске салсақ, 8 маусымда "Семей орманы" резерватынан өрт шықты. Аптап ыстықтан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болмады. Салдарынан өрт жылдам таралып, 60 мың гектар аумақты шарпыды.9 маусымда "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда 10 маусым күні орманшылардың барлығы қаза тапқаны белгілі болды.10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.Бүгін, 11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына ұшып барды.
https://sputnik.kz/20230611/abay-oblysy-ort-qaza-bolgan-14-ormanshy-tizim-foto-35833772.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0b/35838968_352:0:1280:696_1920x0_80_0_0_2281ccd95df872a06ad3ca2fff23bbb6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, орман өрті
қасым-жомарт тоқаев, орман өрті
Тоқаев өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты
12:15 11.06.2023 (жаңартылды: 12:16 11.06.2023) АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.
Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.
Еске салсақ, 8 маусымда "Семей орманы" резерватынан
өрт шықты. Аптап ыстықтан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болмады. Салдарынан өрт жылдам таралып, 60 мың гектар аумақты шарпыды.
9 маусымда "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда 10 маусым күні орманшылардың барлығы
қаза тапқаны белгілі болды.10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты
тағайындады.Бүгін, 11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына ұшып барды.