Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысында өрттен қаза болған 14 орманшының тізімі мен фотосы жарияланды

© Photo : ҚР ТЖМАбай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Семей орманы" резерватындағы алапат өртті сөндіру кезінде көз жұмған 14 орманшының тізімін жариялады.
Бұған дейін "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланған болатын. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда орманшылардың барлығы қаза тапқан.
Экология министрлігі қаза болғандардың тізімі мен фотосын жариялады.
© Photo : Комитет лесного хозяйства и животного мира Орман шаруашылығының қаза болған қызметкерлері
Фото погибших сотрудников лесничества при пожарах в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Орман шаруашылығының қаза болған қызметкерлері
Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы – "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалы Успен орманшылығының басшысы, 33 жаста
Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы – орманды қорғау жөніндегі инженер, 27 жаста
Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы – жүргізуші, 59 жаста
Губаев Алексей Григорьевич – орман шебері, 30 жаста
Фоминых Максим Владимирович – аумақтарды қорғау инспекторы, 25 жаста
Нұржігітов Саят Нұржанұлы – аумақтарды қорғау инспекторы, 51 жаста
Начинёнов Константин Сергеевич – аумақтарды қорғау инспекторы, 40 жаста
Сидорин Александр Викторович – аумақтарды қорғау инспекторы, 39 жаста
Сидорин Виктор Александрович – аумақтарды қорғау инспекторы, 63 жаста
Пузырев Николай Иванович – өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, 54 жаста
Пузырев Сергей Николаевич – орман өрт сөндірушісі, 30 жаста
Дарибаев Александр Викторович – тракторшы-машинисі, 51 жаста
Гражданкин Петр Александрович – орман өрт сөндірушісі, 48 жаста
Ганьшин Даниил Евгеньевич – өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, 41 жаста.
Лесной пожар в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Абай облысында іздестіріліп жатқан орманшылардың барлығы қаза тапты
Жаңалықтар
0