Қоғам

Сайлау, Елбасы туралы заң және лагерьдегі өлім: апта ішіндегі оқиғаларға шолу

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Осы апта қандай оқиғалармен есте қалды? Sputnik Қазақстан маңызды ақпараттар легін бөліседі.

Сенат депутаттары сайланды

14 қаңтарда Қазақстан парламенті сенатының депутаттарын сайлау өтті.
Жаңа сенаторларды жанама сайлау құқығы негізінде мәслихат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы таңдады. Сайлау барлық өңірде Астана уақытымен сағат 11.00-де басталды.
Парламент сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болған еді. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілді.
Барлық облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сенатқа 20 депутат сайланды.

Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды

Осы аптада парламент Қазақстанды 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қорғайтын Конституциялық заңның күшін жойды.
Былтыр референдум нәтижесінде Конституцияға өзгерістер енгізіліп, "Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады" деген норма Ата заңнан алынып тасталған болатын. Алайда Елбасы мен оның отбасын барлық артықшылық пен кепілдіктен айыру үшін Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою қажет болды.
Осыған байланысты парламент депутаттары Елбасы туралы заңның күшін жою мәселесіне қатысты Конституциялық сотқа жүгінді. Конституциялық сот бұл заң еліміздің жаңа Ата заңына сәйкес келмейтіні туралы шешім шығарды.
13 қаңтарда сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы өтіп, депутаттар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заңды қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.
Енді Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретінде емес, экс-президент ретінде қорғалады. Қазақстанның бұрынғы президенті ретінде оған, оның абырой мен қадiр-қасиетiне тиісуге болмайды.
Есесіне онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық кепілдіктен айырылып отыр. Бұған дейін олардың жеке мүлкі мен шоттары Елбасы туралы заңмен қорғалған еді.
Азамат Есқараев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Назарбаевтың отбасы мүшелерін жауапқа тартуға бола ма – министр жауабы
Парламент заң қабылдағаннан кейін, "Назарбаевтың жақын туыстарын жауапқа тартуға бола ма" деген сұрақ туындады. Бұл сауалға әділет министрі Азамат Есқараев былай деп жауап берді.
"Заң бойынша тиісуге болмайтыны, қамтамасыз ету туралы кепілдіктер тек экс-президенттерге қарастырылған. Отбасы мүшелеріне көзделмеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өкілетті органдар қарайды, егер анықталып жатса, тиісті шешім қабылдайды. Егер Қазақстан азаматы олардың үстінен заңнамаға сәйкес арыз жазса, өкілетті органдар қарауға тиіс", -деді министр.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық жарыққа шықты

Осы аптада саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған 31 томдық құжат жарыққа шықты.
Белгілі ғалымдар мен сарапшылар еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді.
Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс одан әрі жалғасады.

Жемқор басшылар сотталды

Қызметтік лауазымын асыра пайдаланған бірқатар басшыға сот үкімі шықты. Солардың үшеуі Ақмола облысында құрылыс саласында істеген.
Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қансейітов 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Ал "Сарапшы Арсенал" ЖШС құрылтайшысы Шаймерденов пен "Көкшестрой Технадзор" ЖШС техникалық қадағалау инженері Ренн 7,5 және 7 жылға сотталды. Олар енді 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды.
Сотталғандар Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сондай-ақ 9 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ҰҚК.
Айта кетері, Мақсат Қожабаев ұзақ уақыт прокуратура органдарында жұмыс істеген. Одан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ауысты. Ал 2018-2021 жылдары Шымкент қаласының прокуроры болды. 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Халыққа танымал вайнерлердің ісі

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған вайнерлердің соты жалғасып жатыр. Осы аптада Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты атышулы іс бойынша жәбірленушілер сөз сөйледі. Олар қаржы пирамидаларына ондаған, жүздеген миллион ақшаны қалай аударғанын айтты. Жәбірленушілердің кейбірі баспанасын сатып, қаржысын пирамидаға салған.
"ACD Technology", "ASTEX.KZ" және "Mudarabah Capital" қаржы пирамидалары бойынша 200-ден астам жәбірленуші сотта сөз сөйледі.

Балалар лагерінде жасөспірім көз жұмды

Бурабай ауданында оқу-сауықтыру орталығында жасөспірім қайтыс болды.
14 жастағы бала Ақтөбе облысынан Бурабай лагеріне 9 қаңтарда келген. 11 қаңтарға қараған түні ол іші ауырып, таңғы сағат бестерде лагердің медициналық бөліміне жүгінген. Жедел жәрдем шақырылған, алайда бала фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болды.
Кейінірек Ақмола облысының полициясы жасөспірім онкологиялық ауруға шалдыққанын, өлімге сырқаты себеп болғанын мәлімдеді.
Алайда Ақтөбе облысының дәрігерлері ақмолалық полицияның мәлімдемесімен келіспей отыр. Қайғылы оқиғаның себебі анықталуда.

Алты жасар бала қарындасын пышақтап тастады

Қайғылы оқиға Жетісу облысы Жаркент қаласында болды. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Салдарынан нәресте көз жұмды.
Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл – студент.
Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. "Неге бұлай істедің?" деген сұраққа 6 жастағы бала "ол жылап мазамды алды" деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныпта оқиды.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
"Жылай береді": Жетісу облысында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады

Қазақстандықтар шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды

12 қаңтардан бастап міндетті сақтандыру және жол қозғалысы заңдарына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағындағы халықаралық қозғалыста жүрмеген көліктерге сақтандыру полисін рәсімдеуге тыйым салынады.
"Жол қозғалысы туралы" заңда халықаралық қозғалыста жүретін көліктің нақты анықтамасы жазылған. Оның иесі шетел азаматы, яғни, Қазақстан азаматтығы мен тұруға ықтиярхаты жоқ адам болуы шарт.
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ
Халықаралық қозғалыста жүрген көлік Қазақстанда бір жыл жүре алады. Осы уақыт өткеннен кейін кем дегенде 30 күнге елден шығарылуы қажет. Сосын қайта кіре алады. Дегенмен 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін рәсімделген сақтандыру полисімен жүруге болады. Одан кейін Қазақстан азаматтары шетелдік көлікті сақтандыра алмайды. Ондай көліктерді сақтандыру полисі негізінде сатуға да тыйым салынады.
Транзиттік нөмір алған көліктерді бұрынғыдай 10 күнге сақтандыруға рұқсат беріледі.

Илья Ильин үйленді

Осы аптада танымал спортшы Илья Ильин шаңырақ көтерді.
Спортшының әйелі Татьяна Гордиенко әлеуметтік желіде неке қию рәсімінен фото-видео бөлісті. Салтанатты рәсім 12 қаңтарда Астана қаласында өтті.
© SputnikИлья Ильин мен Татьяна Гордиенко
Илья Ильин и Татьяна Гордиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2023
Илья Ильин мен Татьяна Гордиенко
Айта кетері, Илья Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасты. Олардың бір қызы бар.
Жаңалықтар
0