Назарбаевтың отбасы мүшелерін жауапқа тартуға бола ма – министр жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневАзамат Есқараев
Азамат Есқараев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Әділет министрі Азамат Есқараев Тұңғыш президент туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың жақын туыстарын қылмыстық жауапқа тартуға бола ма деген сұраққа жауап берді.
Парламенттің бірлескен отырысынан кейін журналистер Есқараевтан егер Назарбаевтың отбасы мүшелері бұған дейін қылмыс жасағаны анықталса, олар қылмыстық жауапқа тартыла ма деп сұрады.
"Заң бойынша тиісуге болмайтыны, қамтамасыз ету туралы кепілдіктер тек экс-президенттерге қарастырылған. Отбасы мүшелеріне көзделмеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өкілетті органдар қарайды, егер анықталып жатса, тиісті шешім қабылдайды", - деді министр.
"Егер Қазақстан азаматы олардың үстінен арыз жазса, іс қарала ма?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.
"Заңнамаға сәйкес арыз жазса, өкілетті органдар қарауға тиіс", -деп жауап берді Есқараев.
13 қаңтарда парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заңды қабылдады. Құжатқа президент қол қоюы керек.
Енді Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық кепілдіктен айырылады. Бірақ тұңғыш президенттің өзіне тиісуге болмайды. Назарбаевқа экс-президенттерге қатысты нормалар қолданылады.
Парламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Назарбаевтар отбасын қорғайтын заңның күші жойылады – парламент заң қабылдады
Жаңалықтар
0