https://sputnik.kz/20230112/sheteldik-avtokolikterdi-zandastyru-23-qantarda-bastalady--iim-31054815.html
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады. Бұл туралы... 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T11:34+0500
2023-01-12T11:34+0500
2023-01-12T11:34+0500
тіркеу
автокөлік
https://sputnik.kz/img/153/92/1539266_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_9caa451f43338c9e28507b6d4bfa3036.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет биыл 11 қаңтарда Қазақстан аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктердің жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көліктерді әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекітті."Ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни ережелер бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбіде) күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз", - деді Лепеха орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Айтуынша, автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 мың теңге алым төлеу қажет.Шетелдік көліктерге қойылатын талаптар:Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдары оң жақты орналасқан көліктерге қолданылады.Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.Заңдастыруға өтінішті "Электронды үкімет" порталы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады.Мамандандырылған ХҚКО-ларда арнайы секторлар ұйымдастырылады. Олар тек автомобильдерді заңдастыруға құжат қабылдайды.Сондай-ақ Әкімшілік полиция қызметкері қатысып, жария етуден өту тәртібін және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері, қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеу тәртібін түсіндіреді.
https://sputnik.kz/20230112/ukimet-sheteldik-avtokolikterdi-zandastyru-erezhesin-bekitti--31050955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/153/92/1539266_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_aade4bc4bfda909d41d909380be63d8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тіркеу, автокөлік
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет биыл 11 қаңтарда Қазақстан аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктердің жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көліктерді әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекітті.
"Ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни ережелер бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбіде) күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз", - деді Лепеха орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 мың теңге алым төлеу қажет.
Шетелдік көліктерге қойылатын талаптар:
елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек;
басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек;
кедендік тазартудан өтуі қажет.
Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдары оң жақты орналасқан көліктерге қолданылады.
Тіркелетін шетелдік автокөліктерге жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.
Заңдастыруға өтінішті "Электронды үкімет" порталы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда арнайы секторлар ұйымдастырылады. Олар тек автомобильдерді заңдастыруға құжат қабылдайды.
Сондай-ақ Әкімшілік полиция қызметкері қатысып, жария етуден өту тәртібін және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері, қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеу тәртібін түсіндіреді.