https://sputnik.kz/20230112/ukimet-sheteldik-avtokolikterdi-zandastyru-erezhesin-bekitti--31050955.html
Үкімет шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті
Үкімет шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Үкімет шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты. 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T10:16+0500
2023-01-12T10:16+0500
2023-01-12T10:18+0500
көлік
https://sputnik.kz/img/1275/81/12758134_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_1ccd0c191a788b19c5ebb9ec225f39b8.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Үкімет шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.11 қаңтарда ҚР №13 "Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы" қаулыға қол қойылды.Қаулы негізінде 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды утиль алым төлеуден босатудың тәртібі, шарттары мен мерзімдері айқындалады.Егер көлік құралдары:Шетелдік автомобильдерді бастапқы тіркеудің көрсетілген тәртібі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады және М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы көлік құралдарына, оның ішінде бастапқы мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтарында жүзеге асырылатын басқару тетігі оң жақта орналасқан көлік құралдарына қолданылады.Бұл ретте көлік құралдарын санаттар бойынша жіктеу Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіндегі (КО ТР 018/2011) 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1275/81/12758134_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_52d0375c0ead82ffa63e57530223bc2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Үкімет шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті
10:16 12.01.2023 (жаңартылды: 10:18 12.01.2023) АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Үкімет шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті, деп
хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.
11 қаңтарда ҚР №13 "Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы" қаулыға қол қойылды.
Қаулы негізінде 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды утиль алым төлеуден босатудың тәртібі, шарттары мен мерзімдері айқындалады.
1.
Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген;
3.
басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылған;
4.
кедендік тазартудан өткен болса, яғни осындай талаптарға сәйкес келсе, қаулыға сай көлік құралдарына бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесі қолданылады.
Шетелдік автомобильдерді бастапқы тіркеудің көрсетілген тәртібі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады және М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы көлік құралдарына, оның ішінде бастапқы мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтарында жүзеге асырылатын басқару тетігі оң жақта орналасқан көлік құралдарына қолданылады.
Бұл ретте көлік құралдарын санаттар бойынша жіктеу Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіндегі (КО ТР 018/2011) 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.