https://sputnik.kz/20230113/lagerdegi-olim-darigerler-politsiya-taratqan-aqparatty-zhoqqa-shygardy-31078044.html
Лагерьдегі өлім: дәрігерлер полиция таратқан ақпаратты жоққа шығарды
Лагерьдегі өлім: дәрігерлер полиция таратқан ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысының дәрігерлері Бурабайдағы сауықтыру орталығында көз жұмған жасөспірімнің ешқандай онкологиялық ауруы болмағанын... 13.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-13T09:36+0500
2023-01-13T09:36+0500
2023-01-13T09:36+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/1246/97/12469727_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_a66f8dabdee1f37ca255e98c73090263.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысының дәрігерлері Бурабайдағы сауықтыру орталығында көз жұмған жасөспірімнің ешқандай онкологиялық ауруы болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК-ға сілтеме жасап.11 қаңтарда полицияға "Бурабай" сауықтыру орталығында 14 жастағы баланың қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Жасөспірім түнде іші ауырып тұрғанын айтқан. Таңға қарай сырқаты күшейіп, лагерьдің медициналық бөліміне жүгінген. Жедел жәрдем шақырылды. Алайда бала фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болған. Марқұм Ақтөбе облысынан демалуға келген.Баланы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылмағаны хабарланды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің өліміне анемия себеп болған. Бала жамбастың қатерлі ісігіне шалдыққан. Метастаза денеге тарап кеткен көрінеді.Алайда Ақтөбе облысының дәрігерлері полиция таратқан ақпаратпен келісіпе" отыр. Хромтау ауданы ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазин жасөспірімнің лагерьге дейін медициналық тексерістен өткенін айтты.Нұрдәулет Манаптың барлық анализі дұрыс болған, еш жерде есепте тұрмаған. Тіпті, онкология ауруы да болмапты. Алайда баланың денесіне сараптама жасаған Көкшетаудағы мамандар марқұм қатерлі ісіктен көз жұмды деп отыр.
https://sputnik.kz/20230111/burabaydagy-balalar-lagerinde-zhasospirim-koz-zhumdy-31039142.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1246/97/12469727_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_48584ff45e847ba5815998737e6b5442.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Лагерьдегі өлім: дәрігерлер полиция таратқан ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысының дәрігерлері Бурабайдағы сауықтыру орталығында көз жұмған жасөспірімнің ешқандай онкологиялық ауруы болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан КТК-ға
сілтеме жасап.
11 қаңтарда полицияға "Бурабай" сауықтыру орталығында 14 жастағы баланың қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Жасөспірім түнде іші ауырып тұрғанын айтқан. Таңға қарай сырқаты күшейіп, лагерьдің медициналық бөліміне жүгінген. Жедел жәрдем шақырылды. Алайда бала фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болған. Марқұм Ақтөбе облысынан демалуға келген.
Баланы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылмағаны хабарланды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің өліміне анемия себеп болған. Бала жамбастың қатерлі ісігіне шалдыққан. Метастаза денеге тарап кеткен көрінеді.
Алайда Ақтөбе облысының дәрігерлері полиция таратқан ақпаратпен келісіпе" отыр. Хромтау ауданы ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазин жасөспірімнің лагерьге дейін медициналық тексерістен өткенін айтты.
"Біз сараптама тұжырымымен мүлдем келіспейміз! Оның ағзасында қаны аз, бойында қатерлі ісік бар деуі тіпті дұрыс емес. Лагерьге барар алдында толық тексерістен өтті. Сол кезде қатерлі ісіктің белгісі байқалатын еді ғой?! Тап-таза, еш сырқат табылмаған. Біз бұны бұлай қалдырмаймыз", - дейді Серғазин.
Нұрдәулет Манаптың барлық анализі дұрыс болған, еш жерде есепте тұрмаған. Тіпті, онкология ауруы да болмапты. Алайда баланың денесіне сараптама жасаған Көкшетаудағы мамандар марқұм қатерлі ісіктен көз жұмды деп отыр.