Батыстың әрекетін қалай түсінуге болады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуГосударственный флаг США у американского посольства в Москве
Государственный флаг США у американского посольства в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Батыс Ресейге және көз алдымызда өзгеріп жатқан әлемге қатысты қандай шара қолданарын білмей дал болып жатыр. Негізінен Ресейге бағытталған қаржы-экономикалық санкциялардың қайта айналып келіп, Батыстың өзіне үлкен соққы болатыны туралы әзірше ешкім ойналғысы келмей отыр, деп жазды РИА Новости.
Бір ғана санкциялар арқылы Ресейдің сағын сындыра алмайтынына Батыстың көз жетті. Алайда, орыстар өз түбіне өздері жетеді дегенге сенетіндер де баршылық. Сондықтан Джон Маккейннің досы әрі мұрагері, сенатор Линдси Грэм орыстарды өз президенттері Путинді өлтіруге шақырды.
"Ресейде Брут бар ма? Ресей армиясында полковник Штауффенберг бар ма? Бұл жағдайды тоқтатудың бір ғана жолы бар – ол азаматты біреу өлтіруі керек. Осылайша өз елдеріңіз бен бүкіл әлемге игі іс жасайсыз", - деді сенатор.
Дирижер Валерий Гергиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Батыс орыс мәдениетіне тұсау салды
Бұл англосаксон элитасының Ресейдің ұлттық мүддесін елемей, шынайы орыстардың жай-күйін ескеруді жөн көрмей отырғанын аңғартады. Сондықтан олар Путиннің әлі де билік басында екеніне таңғалып отыр.
Сондықтан әлеуметтік желіде ресейлік азаматтарды көшеге шығып, наразылық білдіруге және билікті құлатуға шақырған үндеулерге мән берудің қажеті жоқ, деп жазды ресейлік БАҚ. Керісінше, мұның барлығы батыс элитасы өз үндеулері арқылы орыс халқын бұрынғыдан да жұмылдыра және біріктіре түскенін түсінбей отыр. Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалды мойындамау, оларға дұрыс шешім қабылдауға және әр қадамының салдарын ұғынуға кедергі болып отыр.
"Бұл тек Ресейге қатысты емес. Англосаксон элитасы бүкіл әлемді түсіне алмай отыр. Әйтпесе, ол бүкіл ғаламшарға зиянын келтіретін санкцияларды қабылдамас еді. Әйтпесе, ол "Үлкен жиырмалықтың" Үндістан мен Түркия сынды ірі мемлекеттерін антиресейлік санкцияларға қосылуға көндіруге тырыспас еді. Әйтпесе, ол Қытайға қатысты екіұдай саясат қолданбас еді: бір жағынан Ресейден теріс айналуға шақырса, екінші жағынан Тайваньда дүрбелең тудырып отыр", - деп жазылған РИА Новости материалында.
Жұма күні бұрынғы мемлекеттік хатшы Майк Помпео тез арада Тайвань тәуелсіздігін мойындауға шақырды және ол бұл мәлімдемені аралға сапары кезінде жария етті. Помпео қазір ресми тұлға емес екені анық.
Владимир Путин и Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді
АҚШ Қытайдың Тайваньға шабуылынан сескеніп отыр. Сондықтан аралдың тәуелсіздігіне қатысты нақты шешім қабылдауға асығар емес. Ал шындығында, Америка Тайваньді өз орбитасында ұстап қала алмайды. Бұл Бейжің оны күшпен басып алатындықтан мүмкін болмай отырған жоқ. Өйткені Қытай бейбіт жолмен аралды мемлекеттің құрамына қайтаруды көздейді.
Бұл тап ертең немесе бес жылдан кейін болмағанымен, Қытай жағалау суларындағы әскери басымдыққа ие болған кезде орындалатыны белгілі. Яғни, сол шақта америкалықтарды Тайвань жағалауына жақындатпайтын болады. Осы ақиқатты қабылдағысы келмейтіндер шұғыл түрде Тайвань тәуелсіздігін мойындауды ұсынып жатыр. Не үшін?
Біреулер АҚШ Қытай мен Тайванның бірігуіне кедергі бола алатынына шын сенеді, енді біреулер екі тарап арасындағы шиеленісті ушықтыруды көздейді. Себебі Тайвань тәуелсіздігін мойындау Ресейге қарсы қолданылған санкциялармен тең түсетіндей екінші геосаяси "атом бомбасын" болмақ. Тайваньді мойындау Бейжіңнің Вашингтонмен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтатуына алып келеді. Содан кейін әлемдегі басты екі экономиканың қаржы-экономикалық соғысы басталады. Бірақ Батыс Ресейге қатысты қаржы-экономикалық соғыс жариялағанын ескерсек, бұл Шығыс пен Батыс экономикаларының соғысына айналады.
Дәл қазір Вашингтон мұны қалап отырған жоқ. Ресеймен арадағы қазіргі шиеленіс жағдайында оларға Қытайға қарсы тіпті қаржы-экономикалық та қақтығыс қажет емес. Ал Тайвань бағытында Қытайды арандатып отыруына батыстағылардың әлемде қалыптасқан қазіргі ахуалды жете түсінбеуі себеп болып отыр.
Флаги России и Украины  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Украина бейбіт халықты әскери қақтығыс аумағынан шығару туралы келісімге келді
РИА Новости авторының пікірінше, бұл шындығында америкалық ұстанымды нығайтудың орнына әлсіретіп жатыр. Себебі Бейжің АҚШ оны Тайвань картасымен арандатып жатқанын көріп отыр. Сонымен бірге олар англосаксондардың еуропалық экономиканы басқарып, оның Ресеймен байланысын үзіп жатқанының да куәсі болып отыр. Сонда ертең олар ЕО мен Қытай арасындағы байланысты да осылай үзе салуы мүмкін бе? Сонымен бірге Бейжің Батыстың әлемдік қаржы жүйесіндегі өз позициясына орасан зор зиян келтіріп жатқанында көріп отыр. Сондықтан қытайлар да орыстар секілді асықпай-аптықпай өз мақсатына қарай аяңдай береді.
Жаңалықтар
0