Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс орыс мәдениетіне тұсау салды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуДирижер Валерий Гергиев
Дирижер Валерий Гергиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Бавария астанасының бургомистрі Мюнхен оркестрінің бас дирижері қызметінен маэстро Гергиевті алып тастады. Ал бірнеше сағаттан кейін примадонна Нетребконың атын Ла Скала афишаларынан өшірді. Опера жұлдызы: "Денім сау, бірақ келмеймін", - деп қысқа ғана жауап берген, деп жазады РИА Новости.
Осылайша, экономикалық санкциялардан кейін мәдени шектеулер басталды. Ресейді бүкіләлемдік мәдениет кеңістігінен қудалауға кірісті. Концерттер кейінге шегерілді. Ресейлік суретшілердің көрмелерін ұйымдастыру шаралары сап тыйылды. Тіпті, орыс әдебиетінде "империялық рухты" мадақтайтындар бар деп шықты. Солардың қатарына Лев Толстой мен оның "Соғыс пен бейбітшілігін" қосып жатқан сияқты. Бүгінде орыс мәдениетін тоқтатуға белгі берілді, нақты шаралар да қолға алына бастады.
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ядролық соғыс ықтималдығы туралы әңгімені НАТО мен Украина бастады – Лавров
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Нью-Йорктың Карнеги-холы Валерий Гергиевтың концерттерін ұйымдастырудан бас тартты. Ол Вена филармониялық оркестінің дирижерлік пультына тұрады деген жоспар болған. Пианист Денис Мацуевтің атын да афишадан өшіріп тастады. Себебі айтылған жоқ. Бірақ "Нью-Йорк таймс" газетінде Карнеги-хол басшылығының түсініктемесі жарияланды. Сөйтсе, "қазіргі жағдайда маэстро Гергиев концерттерге қатысса, қоғам оны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін". Танымал концерт залына жетекішілік ететін адамдар мен Карнеги-холдың қамқоршылық кеңесінің ұстанымы сондай екен.
Еуропа да қалыспай келеді. Екі бірдей қаланың мэры – италиялық Милан мен бавариялық Мюнхен басшылары да өз талаптарын қойды. Әлемге танымал дирижерден қазіргі жағдай бойынша өз ұстанымын жариялауды міндеттеген тәрізді. Былайша айтқанда, өз елінен бас тартуды талап етті. Сонда дирижерлік жасау үшін туған жерден бас тартып, атлантистік элитаға ант беру керек пе? Талант, шеберлік, қабілет мен дарын сияқты категориялар қайда? Тыңдарман да, көрермен де үндемейді. Музыканттар арасындағы өзара қолдау да байқалмайды. Осы шешімге ешкім қарсы шыққан жоқ. Бұның барлығы "қорқынышты және тоталитарлық КСРО-да" емес, қазіргі әлемде болып жатыр.
Украинада болған 175 қазақстандық елге оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Қоғам
Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті
Өкінішке қарай, бүгінде "бостандықтар мен құқықтарды бұзбайтын" Батыстың өзі обскурантизмге беріліп отыр. Ал оның ұраны - "Бізге қосылмағандар, бізге қарсы!". Жантүршігерлік цензура бой көтеріп келеді. Оған қоса, өздеріне адал болуды талап етеді. Осылайша, Еуропа мәдениеті де кек алудың алаңына айналды.
Автордың пікірінше, бұндай жағдай марксизм-ленинизм мен капиталистік либерализмнің текетіресі кезінде болған жоқ. Ол кезде саусағынан бал тамған Давид Ойстрах пен скрипкашы Леонид Коган коммунистік режимге жан-тәнімен адал болса да, баратын жеріне барып, концерт берді, ешкім шектеу қойған жоқ. Олар партиялық билеттерінен де бас тартпады.
Ал қазіргі шаралар бұрынғы инквизицияға көбірек ұқсайтын сияқты. Ол кезде өзгеше ойлағандарды алаңда жағып жіберетін. Әйелдерді асқан сұлулығы мен еркін ойы үшін өртке тастайтын. Себебі шаштың түсі өзгеше, я болмаса, ойы мен көзқарасы басқаша. Ондай әрекеттерге тарихи және заңды тұрғыда баға берілген.
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын – СІМ
Жаңалықтар
0