https://sputnik.kz/20220301/qazaqstandyq-ukraina--polsha-shekara-23203477.html
Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті
Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті
Sputnik Қазақстан
28 ақпан түнде Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат Алматы әуежайына қонды 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T16:13+0500
2022-03-01T16:13+0500
2022-03-01T16:16+0500
қоғам
украина
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1c/23178810_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f0703b8e7e361eb6d8f70776687c59cf.jpg
АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлі қазірге дейін Қазақстанның 361 азаматы Украина – Польша шекарасын кесіп өткенін хабарлады. "1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп тұр. ҚР Польшадағы елшілігі біздің азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді ", - делінген ақпаратта. Сондай-ақ, Air Astana әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Ұшақ Атырауға қонғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар. Бұған дейін Катовице қаласында Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланғаны хабарланды. Елдің сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастырады. Айта кетері, 28 ақпанда түнде Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат 22.32-де Алматы әуежайына қонды. Бортта 175 жолаушы болды, оның ішінде алты бала болды.
https://sputnik.kz/20220301/ukraina-qazaqstandyqtar-evakuatsiya-23202365.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1c/23178810_101:0:1061:720_1920x0_80_0_0_3dee60fa204e41bd7d37bfa4aed3425d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, қазақстандықтар
Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті
16:13 01.03.2022 (жаңартылды: 16:16 01.03.2022) 28 ақпан түнде Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат Алматы әуежайына қонды
АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлі қазірге дейін Қазақстанның 361 азаматы Украина – Польша шекарасын кесіп өткенін хабарлады.
"1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп тұр. ҚР Польшадағы елшілігі біздің азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді ", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Air Astana әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Ұшақ Атырауға қонғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.
Бұған дейін Катовице қаласында Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланғаны хабарланды. Елдің сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастырады.
Айта кетері, 28 ақпанда түнде Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат 22.32-де Алматы әуежайына қонды. Бортта 175 жолаушы болды, оның ішінде алты бала болды.