https://sputnik.kz/20220301/ukraina-qazaqstandyqtar-evakuatsiya-23202365.html
Украинадағы қазақстандықтар елге қалай эвакуацияланды
Украинадағы қазақстандықтар елге қалай эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Украинадан Қазақстанға алғашқы репатриациялық рейс 28 ақпанға қараған түні келді 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T15:51+0500
2022-03-01T15:51+0500
2022-03-01T15:51+0500
видео
украина
эвакуация
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23202122_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_20c8889cad55ff53bbbc8883f401939b.jpg
Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат 22.32-де Алматы әуежайына қонды. Бортта 175 жолаушы болды, оның ішінде алты бала бар. Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтарды Алматы әуежайында олардың туыстары мен достары, сондай-ақ журналистер қарсы алды. Жолаушылар эвакуациялау жақсы ұйымдастырылғанын айтты. Олардың сөзінше, жолдың ұзаққа созылуына Польша шекарасындағы ұзынсонар кезек себеп болған. Қазақстанға оралғандардың бірі – Жансерік Сейітмұратов. Ол жұмыс бабы бойынша 21 ақпанда Украинаға барған. "21 ақпанда семинарға қатысу үшін ұшқанмын. Киевтен шамамен 250 шақырым жердегі Умань деген қалада болдық. Әрине, аздап қорқыныш болды. Польшаға өзіміздің консул арқылы жеттік. Жолға 25 ақпанда шыққанбыз, қазірге дейін жол жүріп келдік", - дейді ол. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Украинадағы елшілік тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. "Украина, Польшадағы әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Украинаның төрт қаласындағы консулдықтарды қосқанда барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деді Қазақстанның Алматыдағы СІМ өкілдігі басшысының орынбасары Руслан Қарабұлов. Ал Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды қонақ үйге орналастырды. Алматыға келгендердің барлығына уақтылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын. Ал Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер елге қайтуға ниет білдірген барлық қазақстандықты алып келгенше репатриациялық рейстер жалғаса беретінін айтты. Айта кетері, ол Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялауды ұйымдастыруға көмектесті және олармен бірге ұшып келді. Репатриациялық рейстерді Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстанның Украина мен Польшадағы елшілігі, сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы ұйымдастырады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23202122_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_5a8cb4a4b113f4d0ed612b03b0e105cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, эвакуация, қазақстандықтар, видео
украина, эвакуация, қазақстандықтар, видео
Украинадағы қазақстандықтар елге қалай эвакуацияланды
Украинадан Қазақстанға алғашқы репатриациялық рейс 28 ақпанға қараған түні келді
Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат 22.32-де Алматы әуежайына қонды. Бортта 175 жолаушы болды, оның ішінде алты бала бар.
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтарды Алматы әуежайында олардың туыстары мен достары, сондай-ақ журналистер қарсы алды. Жолаушылар эвакуациялау жақсы ұйымдастырылғанын айтты.
Олардың сөзінше, жолдың ұзаққа созылуына Польша шекарасындағы ұзынсонар кезек себеп болған.
Қазақстанға оралғандардың бірі – Жансерік Сейітмұратов. Ол жұмыс бабы бойынша 21 ақпанда Украинаға барған.
"21 ақпанда семинарға қатысу үшін ұшқанмын. Киевтен шамамен 250 шақырым жердегі Умань деген қалада болдық. Әрине, аздап қорқыныш болды. Польшаға өзіміздің консул арқылы жеттік. Жолға 25 ақпанда шыққанбыз, қазірге дейін жол жүріп келдік", - дейді ол.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Украинадағы елшілік тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.
"Украина, Польшадағы әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Украинаның төрт қаласындағы консулдықтарды қосқанда барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деді Қазақстанның Алматыдағы СІМ өкілдігі басшысының орынбасары Руслан Қарабұлов.
Ал Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды қонақ үйге орналастырды. Алматыға келгендердің барлығына уақтылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын.
Ал Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер елге қайтуға ниет білдірген барлық қазақстандықты алып келгенше репатриациялық рейстер жалғаса беретінін айтты.
Айта кетері, ол Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялауды ұйымдастыруға көмектесті және олармен бірге ұшып келді.
Репатриациялық рейстерді Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстанның Украина мен Польшадағы елшілігі, сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы ұйымдастырады.