Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина бейбіт халықты әскери қақтығыс аумағынан шығару туралы келісімге келді

© Sputnik / Владимир ТрефиловФлаги России и Украины
Флаги России и Украины  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2022
Жазылу
Ресей президенті көмекшісі бұл айтарлықтай нәтиже екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Ресей мен Украина қорғаныс министрлігі гуманитарлық дәліз арқылы бейбіт халықты елден шығару жөнінде келісімге келді.
Сонымен қатар бұл секторда оқ ату да тоқтылуы мүмкін. Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Владимир Мединский айтты.
"Бүгін шешкен басты мәселеміз, бұл – әскери қақтығыстар аумағында қалған бейбіт халықты шығару", - деді Мединский.
Оның айтуынша6 бұл айтарлықтай прогресс, деп жазды РИА Новости.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 3 наурызда Украина мен Ресей тарапы екінші мәрте келіссөз өткізді.
Дүйсенбі, 28 ақпанда Беларусь аумағында Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздің бірінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барды.
Бұған дейін Украина президентінің кеңсесі "келіссөздердің негізгі мәселесі – тез арада атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерді шығару" деп мәлімдеген. Кездесуден кейін Владимир Зеленский әзірге Украинаға қажетті нәтиже жоқ екенін мәлімдеді.
Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпан күні таңертең бастады. Президент Владимир Путин оның мақсаты "сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау" деп атады. Ол үшін, оның айтуынша, "Украинаны қарусыздандырып, нацизмді жойып", Донбастың "бейбіт тұрғындарына қарсы қанды қылмыстар" үшін жауапты барлық әскери қылмыскерді сотқа тарту керек.
Жаңалықтар
0