https://sputnik.kz/20220226/aqsh-euroodaq-putin-lavrov-sanktsiya-23119758.html
АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді
АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді
Sputnik Қазақстан
Құжаттарда активтердің бұғатталғаны жөнінде айтылған, бірақ евродипломатия басшысы Боррель бұл қандай активтер екенін білмейтінін жеткізді 26.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-26T08:55+0500
2022-02-26T08:55+0500
2022-05-16T16:28+0500
владимир путин
ақш
еуропалық одақ
санкция
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/248/22/2482261_0:151:2952:1812_1920x0_80_0_0_3837a08897f9dce555bebffae6b6233c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. АҚШ пен Еуропа одағы Ресей президенті Владимир Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.Одақтың ресми журналында жарияланған құжатта Путиннің "Украинада әскери операция жүргізу туралы бұйрық бергені, ресейлік қарулы күштердің Украинаға басып кіргені" айтылған. Лавров Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындау бастамасына қолдау білдірді.Сонымен қатар Еуропа одағының тізімінде премьер-министр Михаил Мишустин, ІІМ басшысы Владимир Колокольцев, Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Сергей Иванов пен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев бар.Бұған дейін еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель оларға тізімдегі басқа адамдарға секілді санкция енгізілетінін мәлімдеген болатын, яғни активтер бұғатталады. Бірақ еурокомиссар қандай активтер екенін білмейтінін айтты.Путин мен Лавровқа қарсы америкалық санкциялар активтерді бұғаттап, амеркалық жеке және заңды тұлғалардың олармен келісім жасауына тыйым салуды қарастырады.Айта кетері, бұған дейін Путин мен Лавровқа қарсы санкцияларды Ұлыбритания мен Канада енгізген болатын.
https://sputnik.kz/20220225/putin-ukraina-kelissoz-23113651.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/248/22/2482261_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_b8913ed112d455b6cee8b3fb96a3d909.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, ақш, еуропалық одақ, санкция
владимир путин, ақш, еуропалық одақ, санкция
АҚШ пен Еуроодақ Путин мен Лавровқа қарсы санкция енгізді
08:55 26.02.2022 (жаңартылды: 16:28 16.05.2022) Құжаттарда активтердің бұғатталғаны жөнінде айтылған, бірақ евродипломатия басшысы Боррель бұл қандай активтер екенін білмейтінін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. АҚШ пен Еуропа одағы Ресей президенті Владимир Путин мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.
Одақтың ресми журналында жарияланған құжатта Путиннің "Украинада әскери операция жүргізу туралы бұйрық бергені, ресейлік қарулы күштердің Украинаға басып кіргені" айтылған. Лавров Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындау бастамасына қолдау білдірді.
Сонымен қатар Еуропа одағының тізімінде премьер-министр Михаил Мишустин, ІІМ басшысы Владимир Колокольцев, Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Сергей Иванов пен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев бар.
Бұған дейін еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель оларға тізімдегі басқа адамдарға секілді санкция енгізілетінін мәлімдеген болатын, яғни активтер бұғатталады. Бірақ еурокомиссар қандай активтер екенін білмейтінін айтты.
Путин мен Лавровқа қарсы америкалық санкциялар активтерді бұғаттап, амеркалық жеке және заңды тұлғалардың олармен келісім жасауына тыйым салуды қарастырады.
Айта кетері, бұған дейін Путин мен Лавровқа қарсы санкцияларды Ұлыбритания мен Канада енгізген болатын.