Әлем

Ресей неге АҚШ-тың мемлекеттік қарызын сатып жіберді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуГосударственный флаг США у американского посольства в Москве
Государственный флаг США у американского посольства в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Ресейдегі Центробанк АҚШ мемлекеттік облигацияларына салымды күрт қысқартып тастады. Мәскеу 2014 жылдан бері бұ құжаттардан жоспарлы түрде құтылып келе жатқан және кезекті санкциялар қаупі бұл процесті жылдамдататыны анық
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазір халықаралық резервтегі трежерис үлесі бір проценттен аз. Ресей америкалық мемлекеттік қарыздың бәрін дерлік не себепті сатқаны және босаған қаражатты қайда бағыттағаны туралы РИА Новости жазды.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресей қарашада АҚШ-тың мемлекеттік құнды қағаздарына салымдарды 2,4 миллиард долларға дейін қысқартқанын хабарлады. Қазанда 3,72, қыркүйекте 3,91 миллиард доллар болды.
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Әлем
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
Бұл облигациялар бюджет тапшылығын біржақты етуге көмектесетін Ақ үйдің негізгі қаржы құралдарының бірі болып саналады. Алада Ресейге үміт артудың реті жоқ: трежерис түгелдей дерлік сатылды.
Сонау 2010-2013 жылдары америкалық қарыздағы ресейлік салымдары 140 миллиард доллардан асты. Бірақ 2014 жылдың сәуірінде Вашингтон санкциялар жариялағаннан кейін орыстар бұл қағаздардан құтыла бастады. 2018 жылы Центробанк АҚШ қазынашылық міндеттер портфелін бір дегенде екі есеге – 13,2 миллиард долларға қысқартып, ауқымды жаппай сатуды қолға алды. Содан кейін Ресейдің алтын-валюта резервіндегі трежерис үлесі ұлғайған емес.
Мерзімді түрде салымдарды өте аз көлемде өсіріп отыр. Бұл портфельдің теңгерімін ұстап тұру үшін қажет. Әйтсе де бұл бағыттағы көрсеткіш жоспарлы түрде қысқартылып жатыр. Қазір америкалық бағалы қағаздар халықаралық резервтің бір процентінен де аз. Босаған қаражатты алтынға, сондай-ақ еуро мен юаньге салды.
Көптен бері жүргізіліп келе жатқан саясаттың осылай аяқталуы заңды. Қазаннан бастап қаржы министрлігі жаппай сатуды жалғастырып, нәтижесінде доллардағы активтер рекордтық төмен мәнге дейін құлдырады, деп мәлімдеді "Джи Эл ЭС Инвест" инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Эдуард Бугров.
Мұнда бірнеше фактордың әсері бар. Біріншіден, доллардан бас тарту жүріп жатыр. Ол ресейлік экономиканың америкалық валютаға тәуелділігін төмендетуге бағытталған. Екіншіден, халықаралық резервтерді әртараптандыру қажет.
"Қаржыны басқарудың жоғарғы мектебі" аналитикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Михаил Коганның айтуынша, қайта теңестіру – жекелеген инвестордан бастап бүтіндей мемлекетке дейін алғанда кез келген портфель үшін қалыпты процесс болып саналады. Оның болжамы бойынша, трежерис бойынша үдеріс желтоқсанда да кері мәнге ие болды. Бұл инвестициялаудың белгілі бір нысанына қатысты мүддені қайта қарастыру болып отыр.
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Әлем
Таяу Шығыс АҚШ пен Ресейдің өзара мәмілеге келуіне себепші болуы мүмкін
Біраз резервті ққалыптастыру тек нарыққа ғана бағытталған мәселе емес. Әртараптанддыру (еуро, юань, швейцариялық франк, сондай-ақ екінші эшелондағы резервт валюталары) қаржы жүйесінің сыртқы қысымға тұрақтылығын арттырады. Яғни, Ресей америкалық мемлекеттік қарыздан құтыла отыры, санкциялық және геосаяси қауіпті төмендете алады.
Екі мемлекеттің арасы қайта шиеленісіп, Вашингтон Мәскеуге кезекті шектеулер арқылы қайтадан қысым көрсетіп отырғаны анық байқалады. Біресе Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратамыз десе, біресе, банктерге тікелей бағытталған санкция енгіземіз деп қорқытып отыр. Одан басқа да нұсқалар қарастырылып жатыр.
"АҚШ Ресейдің доллар түріндегі активтерін бұғаттап, қарыз берешегі бойынша міндеттерді орындаудан бас тартуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан қолдағы қаражатты қарсы тараптың басқаруындағы ресурс түрінде сақтаған дұрыс болмайды", - деді Эдуард Бугров.
АҚШ мемлекеттік облигацияларының алтын-валюта резервінддегі үлесі шартты мәнге ие болғанымен, оны толығымен сатуға болады деген сөз емес. Трежерис – өтімділігі жоғары актив, оларды тез және үлкен көлемде негізгі әлем валюталарына конвертациялап, кез келген уақытта сатуға болады. Оның үсіне, бұл басқа активтердегі мәмілелер сынды міндеттемелерді қамтамасыз етудің қолайлы құралы бола алады.
Сронымен қатар халықаралық есеп айырысудың асым бөлігі әлі де америкалық валютамен жүргізіліп отыр және негізні қаржы және тауар ағымдарына доллар қызмет етіп отыр.
Ресейдің жүйелік қауіптен саналы түрде аулақ кетуі де бәр мәселе. Бұл тек геосаясат пен санкцияларға ғана қатысты емес.
АҚШ-тағы қаржы жағдайының өзі де инвесторлардың көбінде сұрақ тудырып отыр. Ең алдымен, 30 триллион долларға жуықтаған және басқаруы қиындап бара жжатқан ауқымды қарыз көлемі күмән тудырып отыр.
Города мира. Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Әлем
АҚШ демократияны жаңарту бойынша арнайы бағдарлама әзірледі
Өткен жылдың тамызында америкалықтар заң тұрғысында бекітілген мемлекеттік қарыз деңгейін өзгертуден түбегейлі бас тартты. Бұл мемлекетті қарыз алу мүмкіндігінен айырды. Ал сол шақта қазынашылық міндеттемелер АҚШ экономикасының деңгейінен асып, 28,5 триллион долларды құрады. Нәтижесінде қаржы министрлігі лимитті қайта көтеріп, мемлекеттік облигациялардың ірі көлемде сатылымға шығуына алып келді. Вашингтонға қарыз беру жалғасып жатыр. Бірақ ол қаражат қайтарылатынына күмән да артып жатыр.
2021 жылдың соңында Ресейдің халықаралық резервтері 630,5 миллиард долларға жетті. Өтімділігі жоғары бұл шетелдік активтерді Центробанк пен үкімет басқарады.
Соңғы жылдары алтын басымдыққа ие. 2020 жылдың маусымында бағалы металдың үлесі алғаш рет доллардан асып түсті. Активтердің үштен бірі еуро болса, 12%-і – юань.
2021 жылдың соңына қарай Ресей банкі алтын қорын 2,3 мың тоннаға (74 миллион унция) дейін ұлғайтты. Бұл шамамен 133 миллиард доллар, алтын-валюта резервіндегі 21,3 процент. Мұндай жоғары көрсеткіш қосымша тұрақтылық беріп, сенімділікті, әртараптандыруды және құндылықтың өсуін қамтамасыз етіп отыр. Себебі қазір дамыған елдер резервтің үштен біріне жуығын алтын түрінде сақтап отыр.
Жаңалықтар
0