https://sputnik.kz/20220114/Resey-Odaqtas-memleket-Lavrov-19148123.html
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
Sputnik Қазақстан
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жылсайынғы баспасөз конференциясын өткізді 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T20:24+0500
2022-01-14T20:24+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
ресейде
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736876_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_a1214db9e9c1ff40c4db98081b55e61e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар - Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жылсайынғы баспасөз конференциясында АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын, Батыс ҰҚШҰ туралы не ойлайтыны жайында айтып, Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп жазды РИА Новости.Әлемдік геосаясаттағы күрделі жағдай туралы"Жағдай жақсарып жатқан жоқ, қақтығыс әлеуеті артып келеді. Батыстағы әріптестер жағдайдың кері сипатта өрбуіне шешуші ықпал етуде, олар БҰҰ жарғысына негізделген халықаралық қатынастардың құрылымына нұқсан келтіру бағытын ұстанып, халықаралық құқықты өз ережелерімен алмастыруды көздеп отыр", - деді Ресей министрі 2021 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.Сергей Лавров НАТО Украина мен скандинавиялық елдерді өз қатарына қосуға үндеп жатқанын мәлімдеді."Солтүстік Атлантикалық альянсқа құрамын жасанды түрде кеңейту, оған негізінен Украинаны тарту әрекеттері тыйылмай тұр. Жақында НАТО басшылығы Солтүстік Атлантикалық альянсқа кірмейтін Скандинавия елдерінің мүше болатыны туралы қызықты мәлімдеме жасады", - деді ол баспасөз конференциясында.Бейсенбіде НАТО бас хатшысы Швеция мен Финляндия альянстың қорғаныс стандарттарына сай келетінін айтып, олардың саяси шешіміне қарай қос мемлекет НАТО-ға мүше бола алатынын айтты.АҚШ Ресей ұсынысынан бас тартса не боладыСергей Лавров Ресей қауіпсіздік кепілдігі жөнінде АҚШ пен НАТО-дан жауап күтіп отырған шақта оқиғаның кез келген сценарийіне дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жауап жазбаша күйде ұсынылуы керек."Егер біздің ұсынысымызды кері қайтарса, біз жағдайды бағалап, президентке баяндаймыз... Барлық факторды, ең алдымен өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мүдделерін есепке алып шешім қабылдаймыз", - деді Лавров.Оның айтуынша, НАТО бүгінде Ресей шекарасына тым жақын келді және қазір альянс әскери жоспар бойынша территорияны белсенді игеріп жатыр, құрлықтағы күшті, авиацияны нығайтып, Қара теңіздегі оқу-жаттығулар ауқымын кеңейтуде.ҰҚШҰ тиімділігі мен жинақталған тәжірибе туралы"Бұл тәжірибені қолдануға енді қажеттілік болмайды деп үміттенемін. Бірақ мылтықты кезеулі күйде ұстауды ұмытпау қажет. Себебі мұндай жағдай алда-жалда тағы пайда болса қайтпек керек? Әрине, біз оның алдын алу үшін барлық қажетті шараны қабылдап, соның ішінде ҰҚШҰ-ның тиісті құрылымдары арқылы барлық іс-әрекетті жүзеге асырып жатырмыз", - деді ол баспасөз конференциясы барысында.Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлеріне байланысты Батыс санкция енгізе меҚазақстанның өтініші бойынша ҰҚШҰ күштерінің жұмылдырылуына байланысты Батыс санкция енгізуі мүмкін. Сергей Лавров батыстағы әріптестерден барлығын күтуге болады дейді."Біз нақты мәселелер аясында жұмыс істейміз. Алайда батыстағы әріптестерімізден кез келген әрекетті күтуге болады. Бірақ жағдайдың түрлі бағытта өрбуіне дайынбыз", - деді Лавров.Батыс ҰҚШҰ-ны таңырқап бақылап отырды"Бітімгершілік күштерінің (ҰҚШҰ) әлеуеті өз қабілетін бүкіл әлемге дәлелдеді деп ойлаймын. Қазақстан президентінің өтініші бойынша осы елге көмек көрсету үшін ҰҚШҰ-ның барлық елінен жіберілген әскери бөлімшелерді орналастыру жылдамдығына Батыс таңғалды, барлығы жоғары бағалағанына күмәнім жоқ", – деді Лавров баспасөз конференциясында.Лавров Қазақстанда қалыптасқан жағдай соңғы жылдары бітімгерлік әлеуетті дамыту бойынша ҰҚШҰ-да қабылданған шаралардың тиімділігін айғақтағанын айтты.Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке шақыра маРФ СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетіне мүше болуға Қазақстанды шақыру мүмкіндігі туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді."Біреуді мүшелікке шақыратын әдетіміз жоқ. Бір тарап өтініш білдірсе, ол өтінішті конструктивті тұрғыда қарастыратын рәсім бар. Мүшелікке шақыратын әдетті батыстағылардан көріп отырмыз. Олар бүкіл мемлекетті НАТО-ға кіруге шақырып жатыр. Бұл біздің әдіс емес", - деді Лавров.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736876_129:0:2858:2047_1920x0_80_0_0_67a497e7008939a7b80ae940e0982074.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресейде
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
20:24 14.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жылсайынғы баспасөз конференциясын өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар - Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жылсайынғы баспасөз конференциясында АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын, Батыс ҰҚШҰ туралы не ойлайтыны жайында айтып, Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп жазды
РИА Новости.
Әлемдік геосаясаттағы күрделі жағдай туралы
"Жағдай жақсарып жатқан жоқ, қақтығыс әлеуеті артып келеді. Батыстағы әріптестер жағдайдың кері сипатта өрбуіне шешуші ықпал етуде, олар БҰҰ жарғысына негізделген халықаралық қатынастардың құрылымына нұқсан келтіру бағытын ұстанып, халықаралық құқықты өз ережелерімен алмастыруды көздеп отыр", - деді Ресей министрі 2021 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.
Сергей Лавров НАТО Украина мен скандинавиялық елдерді өз қатарына қосуға үндеп жатқанын мәлімдеді.
"Солтүстік Атлантикалық альянсқа құрамын жасанды түрде кеңейту, оған негізінен Украинаны тарту әрекеттері тыйылмай тұр. Жақында НАТО басшылығы Солтүстік Атлантикалық альянсқа кірмейтін Скандинавия елдерінің мүше болатыны туралы қызықты мәлімдеме жасады", - деді ол баспасөз конференциясында.
Бейсенбіде НАТО бас хатшысы Швеция мен Финляндия альянстың қорғаныс стандарттарына сай келетінін айтып, олардың саяси шешіміне қарай қос мемлекет НАТО-ға мүше бола алатынын айтты.
АҚШ Ресей ұсынысынан бас тартса не болады
Сергей Лавров Ресей қауіпсіздік кепілдігі жөнінде АҚШ пен НАТО-дан жауап күтіп отырған шақта оқиғаның кез келген сценарийіне дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жауап жазбаша күйде ұсынылуы керек.
"Егер біздің ұсынысымызды кері қайтарса, біз жағдайды бағалап, президентке баяндаймыз... Барлық факторды, ең алдымен өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мүдделерін есепке алып шешім қабылдаймыз", - деді Лавров.
Оның айтуынша, НАТО бүгінде Ресей шекарасына тым жақын келді және қазір альянс әскери жоспар бойынша территорияны белсенді игеріп жатыр, құрлықтағы күшті, авиацияны нығайтып, Қара теңіздегі оқу-жаттығулар ауқымын кеңейтуде.
ҰҚШҰ тиімділігі мен жинақталған тәжірибе туралы
"Бұл тәжірибені қолдануға енді қажеттілік болмайды деп үміттенемін. Бірақ мылтықты кезеулі күйде ұстауды ұмытпау қажет. Себебі мұндай жағдай алда-жалда тағы пайда болса қайтпек керек? Әрине, біз оның алдын алу үшін барлық қажетті шараны қабылдап, соның ішінде ҰҚШҰ-ның тиісті құрылымдары арқылы барлық іс-әрекетті жүзеге асырып жатырмыз", - деді ол баспасөз конференциясы барысында.
Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлеріне байланысты Батыс санкция енгізе ме
Қазақстанның өтініші бойынша ҰҚШҰ күштерінің жұмылдырылуына байланысты Батыс санкция енгізуі мүмкін. Сергей Лавров батыстағы әріптестерден барлығын күтуге болады дейді.
"Біз нақты мәселелер аясында жұмыс істейміз. Алайда батыстағы әріптестерімізден кез келген әрекетті күтуге болады. Бірақ жағдайдың түрлі бағытта өрбуіне дайынбыз", - деді Лавров.
Батыс ҰҚШҰ-ны таңырқап бақылап отырды
"Бітімгершілік күштерінің (ҰҚШҰ) әлеуеті өз қабілетін бүкіл әлемге дәлелдеді деп ойлаймын. Қазақстан президентінің өтініші бойынша осы елге көмек көрсету үшін ҰҚШҰ-ның барлық елінен жіберілген әскери бөлімшелерді орналастыру жылдамдығына Батыс таңғалды, барлығы жоғары бағалағанына күмәнім жоқ", – деді Лавров баспасөз конференциясында.
Лавров Қазақстанда қалыптасқан жағдай соңғы жылдары бітімгерлік әлеуетті дамыту бойынша ҰҚШҰ-да қабылданған шаралардың тиімділігін айғақтағанын айтты.
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке шақыра ма
РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетіне мүше болуға Қазақстанды шақыру мүмкіндігі туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді.
"Біреуді мүшелікке шақыратын әдетіміз жоқ. Бір тарап өтініш білдірсе, ол өтінішті конструктивті тұрғыда қарастыратын рәсім бар. Мүшелікке шақыратын әдетті батыстағылардан көріп отырмыз. Олар бүкіл мемлекетті НАТО-ға кіруге шақырып жатыр. Бұл біздің әдіс емес", - деді Лавров.